"Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңына сәйкес, уақытша келетiн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысы
Тақырыбындағы және Құжат мәтініндегі «шет ел азаматтарының», «шет ел азаматтары» сөздері «шетелдіктердің», «шетелдіктер» сөздерімен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 10.08.2007 жылғы № 688 Қаулысы бойынша (26.11.2003 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шет ел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттiгiн растау ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi өзiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiн қаулыға сәйкес келтiрсiн.
3. Осы қаулы жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы N 1185 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үміткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнің төлем жасау қабiлеттігін растау Ережесі
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы Заңына, «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінің төлем жасау қабілеттігін растау тәртібін айқындайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.12.2011 жылғы № 1615 Қаулысымен (18.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 07.04.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығына заңнамада белгiленген тәртiппен берiлетiн рұқсатты алу туралы қолдаухатпен жүгiнген кезде өздерiнің төлем жасау қабiлеттiгiн растайды.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.07.2011 жылғы № 820 Қаулысымен (10.08.2007 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 24.09.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Өтінiш бiлдiрушi Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнiң төлем жасау қабiлеттігiн растау үшiн iшкi iстер органдарына мынадай:
1) тұрақты тұруға қалдыру туралы қолдаухат берілген күнге белгіленген бiр мың үш жүз жиырма еселенген ең төменгi есептiк көрсеткiш баламасына тең немесе одан асатын;
2) өтiнiш бiлдiрушi тұруға ниет бiлдiрген елдi мекеннен бiр отбасы мүшесiне есептегенде 15 шаршы метрлі тұрғын үй сатып алуға жеткiлiктi сомада банктiк шотта (шоттарда) ақшасының болуы туралы банк басқармасы төрағасының немесе банктiң уәкiлеттi тұлғасының қолы қойылған Қазақстан Республикасының резидентi-банктiң құжатын ұсынады.
Соманың мөлшерi сол елдi мекендегi тұрғын үйдiң орташа нарықтық құнына сәйкес, жылжымайтын мүлiкке арналған құқықтарды тіркеудi жүзеге асыратын тиiстi уәкiлеттi орган берген құжаттың негiзiнде белгiленедi.
Өтiнiш берушiге тұрғын үй беру туралы жеке немесе заңды тұлғамен шарт болған кезде, тұрғын үй сатып алу үшiн ақшасының болуы туралы банктiң құжаты талап етiлмейдi.
3. Төлем қабілеттілігін растайтын ұсынылған құжаттарды шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жазбаша келісімімен ішкі істер органдары төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжатты берген банк мекемесіне осы Ережеге қосымшаға сәйкес сұрау жіберу жолымен түпнұсқалық тұрғысынан тексереді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.02.2014 жылғы № 70 Қаулысымен (27.12.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар алуға үмiткер шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өздерiнiң төлем жасау қабiлеттігін растау ережесiне қосымша
Ереже қосымшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 10.02.2014 жылғы № 70 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.03.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
__________________________________ (банк мекемесінің атауы) __________________________________
_____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, паспорттық деректерін көрсету)
20__ж. «___» ____________ шығыс № ___________________ хатпен берілген шетелдіктің (азаматтығы жоқ адамның) банк шотының бар-жоғын растайтын құжаттың түпнұсқалығы туралы ақпаратты хабарлауды сұраймын.
Ақпарат сұраған: _____________________________ _____________________________ (ішкі істер органы басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні) ___________________________ (лауазымды адамның қолы) _________________________________________________ ішкі істер органына (шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты) ақпарат беруге келісемін.
___________________ _____________________ (қолы) (күні)
Полная версия