«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 18-1-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2017
Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8653 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2017 жылғы № 78 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
міндетін атқарушы
____________ Ж. Жарқынбаев
2013 жылғы 29 шілде
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің міндетін атқарушы
____________ М. Құсайынов
2013 жылғы 2 тамыз
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оны қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оны қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалардың мақсаты құжаттар мен ақпарат тізбесін, табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) өзге қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде оларды ұсыну мен қарау тәртібін айқындау болып табылады.
Полная версия

