Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.07.2023
Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 30 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 13.07.2023 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес 
Редакция 07.11.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 847 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының    Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы «5» қыркүйектегі
№ 929 қаулысымен
бекітілген
Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.10.2015 жылғы № 836 Қаулысымен (05.09.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 847 Қаулысына сәйкес (20.10.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туу туралы куәліктерді ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.
2. Туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжат.
Туу туралы куәлік мынадай құжаттардың бірін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не шетелдік паспортты алғанға дейін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
2-тарау. Туу туралы куәлікті ресімдеу және беру тәртібі
3-тармақ 2023 жылғы 1 шілдеден бастап келесі редакцияда қолданылады ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 847 Қаулысының 2-тармағына сәйкес: ##Мәтінді@@ көрсету
4. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар, олардың біреуі, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтініш беруге өзге себептермен мүмкіндігі болмаған жағдайда – мүдделі адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – туу туралы өтініш) Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не «электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде жүгінеді.
5. Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.
6. Бала өлі туған жағдайда туу туралы өтінішті медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
7. Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы өтініш әрқайсысына қатысты жеке беріледі.
8. Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.
9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті көрсетілетін қызмет арқылы баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру талап етілмейді.
Полная версия
ИС BestProfi