Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023
"Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгеріс енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 маусымдағы № 588 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 7 маусымдағы
№ 588 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 тамыздағы
№ 891 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы (бұдан әрі – МҒТС) ұйымдастыруға және жүргізуге байланысты қатынастарды реттейді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) өтінім беруші – уәкілетті органда аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі немесе ғылыми зерттеулерді іске асыратын дербес білім беру ұйымы және оның тең шарттардағы ұйымдары;
2) тапсырыс беруші – ұйымдастырушымен МҒТС жүргізуді ұйымдастыруға өтеулі шарт жасасқан заңды немесе жеке тұлға;
3) ұйымдастырушы – ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы;
4) сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылыми дәрежесі мен мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға.
Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың МҒТС үшін тартылатын сарапшының Хирша индексі бар рецензияланатын ғылыми журналдарда соңғы бес жылда жарияланған кемінде 5 ғылыми мақаласы болуы тиіс. Гуманитарлық, қоғамдық, саяси және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы бес жылда кемінде 5 Хирша индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;
5) шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шетелдік мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс өтілі және жетекші әлемдік ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар Қазақстан Республикасының азаматы;
6) қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген сол мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде уақытша шетелде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс мемлекеттік қызметте жүрген, академиялық ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми мақалалары бар сарапшы.
7) сараптама қорытындысы – сарапшы жасайтын және ол өткізетін сараптама нәтижелері, алдына қойылған мәселелер бойынша оның қорытындылары, МҒТС объектісінің объективті және тапсырыс беруші мен ұйымдастырушының мүдделеріне тәуелсіз талдамалық бағалау туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi