Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.04.2015
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 28 тамызда № 8682 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 жылғы № 256 Қаулысына сәйкес
2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Объект құнын айқындау әдістемесін әзірлесін және бекітсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген
Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары
1. Осы Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) қалыптастырған кезде есепке қабылданатын кепіл және басқа қамтамасыз ету болып табылатын объект құнын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Әдістеме – қаржы ұйымының атқарушы органы бекіткен Объект құнын айқындау әдістемесі;
2) басқа қамтамасыз ету – түрлері бекітілген Әдістемеде көзделген кепілдеме, кепілдік, кепілақы, кепілді жарна және басқа да қамтамасыз ету;
3) дербес активтер – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № тіркелген) бекітілген Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларына сәйкес әрқайсысы бойынша провизиялар (резервтер) жеке-жеке есептелетін активтер;
4) Комитет – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
5) қаржы ұйымдары – банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) объект – дербес активтер бойынша кепіл және басқа қамтамасыз ету;
7) тәуелсіз бағалау – Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қаржы ұйымымен жасалған бағалау жүргізуге арналған шарт бойынша бағалаушы жүзеге асыратын бағалау.
Полная версия
ИС BestProfi