Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 184 қаулысы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 қыркүйекте № 8692 тіркелді
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы», «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 188 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (23.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2017 жылғы № 72 Қаулысына сәйкес (28.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.06.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Осы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), «Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы» (бұдан әрі – Инвестициялық қорлар туралы заң), «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» (бұдан әрі – Қор туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 жылғы № 188 Қаулысына сәйкес (28.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 23.11.2022 жылғы № 100 Қаулысына сәйкес (12.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.05.2023 жылғы № 29 Қаулысына сәйкес (23.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кастодиан – қаржы құралдары мен ақшаны есепке алуды, солар бойынша құқықтарды растауды, олардың сақталуы жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдай отырып, құжаттық қаржы құралдарын сақтауды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк);
3) кастодиандық шарт - кастодиан және оның клиенті жасайтын, клиентке кастодиандық қызмет көрсету бойынша қызмет ұсыну тәртібін айқындайтын сақтау және тапсыру шарты;
3-тармақша өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.02.2014 жылғы № 26 Қаулысымен (26.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
4) клиенттің активтері – жеке және заңды тұлғаларға тиесілі немесе кастодиандық қызметке берілген инвестициялық пай қорын құрайтын активтердің жиынтығы;
2. Кастодиан бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына, кастодиандық шартқа және кастодианның ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
3-тармақ алынып тасталды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.02.2021 жылғы № 26 Қаулысына сәйкес (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Кастодианның бас офисінің үй-жайларында және оның кастодиандық қызметті жүзеге асыратын филиалдарында, клиенттер үшін қол жетімді орындарда бағалы қағаздар нарығында және сейфтік операцияларға (құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, сейфтік жәшіктерді, шкафтар мен үй-жайларды, сондай-ақ құжаттар тізбесін қоса отырып, құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер) кастодиандық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариатта куәландырылған көшірмесі, сондай-ақ кастодиан клиенттің бірінші талабы бойынша осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес танысу үшін ұсынатын құжаттар тізбесі орналастырылады.