Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2024
Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 971 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2024 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Үкіметінің 15.12.2023 жылғы № 1128 Қаулысына сәйкес 
Редакция 01.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 971 қаулысымен
бекітілген
Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлері
1. Осы Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі және облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы критерийлері «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 8-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау жөніндегі жобалардың басымдылығы төмендей беретін деңгейлер бойынша мынадай критерийлерге сәйкес айқындалады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдаулары шеңберіндегі тапсырмаларында, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған жобалар;
2) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған жобалар;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары;
4) геометриялық (техникалық санатқа) және техникалық параметрлерге жауап бермейтін автомобиль жолдары;
5) іргелес елді мекендерге қатысты баламасы жоқ автомобиль жолдары;
6) теміржолдарға жақын жерден шыға алмайтын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары.
3. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобалардың басымдығы төмендейтін деңгейлер бойынша мынадай критерийлерге сәйкес айқындалады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.10.2021 жылғы № 761 Қаулысына сәйкес (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) құрылыс және реконструкциялау жобаларын жоспарлау кезінде:
елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы ауызша немесе жазбаша жолдаулар шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында, Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда айқындалған жобалар;
Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда айқындалған жобалар;
техникалық санаты іс жүзіндегі қозғалыс қарқындылығына сәйкес келмеген жағдайда, аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 15 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
бойында 100 адамнан асатын жұмысшы персоналы бар кемінде екі өндірістік (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы) немесе астық қабылдау кәсіпорындары бар автомобиль жолдары;
2) күрделі жөндеу жобаларын жоспарлау кезінде:
аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 10 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
бойында 50 адамнан асатын жұмысшы персоналы бар өндірістік (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы) немесе астық қабылдау кәсіпорындары бар автомобиль жолдары;
жолдың жөндеуаралық қызмет ету мерзімі 15 жылдан асатын автомобиль жолдары;
3) орташа жөндеу жобаларын жоспарлау кезінде:
аудан орталықтарының Қазақстан Республикасының облыс орталықтарымен, аудан орталықтарының өзара және елді мекендерден тыс орналасқан туристік қызмет объектілерімен байланысын қамтамасыз ететін автомобиль жолдары;
тұрғындардың жалпы саны кемінде 5 000 адам болатын елді мекендерге іргелес автомобиль жолдары;
жамылғысының төсемінің жөндеуаралық қызмет ету мерзімі 5 жылдан асатын автомобиль жолдары.
4. Осы критерийлердің 3-тармағына сәйкес облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру басымдығы, мынандай критерийлердің жалпы меншікті үлесімен айқындалады:
Критерийлер 4-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.05.2014 жылғы № 496  Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) жергілікті бюджет шығыстары мен республикалық бюджеттен қаржыландырудың арақатынасы;
4) облыс халқының 10 мың адамына шаққанда автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілуі;
5) автомобиль көлігінің жүк айналымы мен жолаушылар айналымының көрсеткіштері;
6) жақсы және қанағаттанарлық жай-күйдегі жолдардың ұзақтығы;
7) мемлекеттік бюджетке кірістердің меншікті үлесі.
5. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеудің әрбір жобасы бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемін және әрбір критерийдің жеке номиналдық мәндерін есептеудің әдістемесін автомобиль жолдары бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды.
Критерийлер 5-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.05.2014 жылғы № 496  Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Республикалық бюджеттен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, сондай-ақ күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларды қаржыландыру басымдылығының критерийі Қазақстан Республикасы Президентінің немесе осы критерийлердің 3-тармағының 1) тармақшасында көзделмеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жеке тапсырмаларымен анықталған көліктік инфрақұрылымдардың жобаларын қаржыландыруға нысаналы ағымдағы трансферттерді жоспарлау кезінде қолданылмайды.
Критерийлер 6-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 16.05.2014 жылғы № 496  Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.05.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi