Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2017
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2017 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 08.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 және 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тізім бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жеке кәсіпкерлік субъектілері аккредиттелсін және аккредиттеу туралы куәлік берілсін,
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ережесі бекітілсін.
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 14 мамырдағы № 307 бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 14 мамырдағы № 307 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 11 наурыздағы № 120 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 542 бұйрығының;
3) Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 3 тамыздағы № 438 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2013 жылғы № 11-1/230 Бұйрығымен (23.09.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 09.09.2013 жылғы № 10-2/416 Бұйрығымен (05.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 05.12.2013 жылғы № 10-2/636 Бұйрығымен (09.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2015 жылғы № 9-2/816 Бұйрығына сәйкес (20.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерінің тізімі
1. «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығы.
2. «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігі.
3. «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігі.
4. «Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі».
5. «Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігі.
6. «Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалардың бірлестігі.
7. «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы.
8. «Казахрыбхоз» балықшыларының қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығы.
9. «KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
10. «Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының «Жасыл Орман» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі.
11. «Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірігуі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2011 жылғы № 10-1/159 Бұйрығымен (07.09.2010 ж. редакцияны қараңыз) 
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.04.2011 жылғы № 10-1/212 Бұйрығымен (06.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.09.2011 жылғы № 10-1/507 Бұйрығымен (21.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 23.09.2011 жылғы № 10-1/539 Бұйрығымен (06.09.2011 ж. редакцияны қараңыз) 
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.07.2013 жылғы № 20/311 Бұйрығымен (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 09.09.2013 жылғы № 10-2/416 Бұйрығымен (05.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 05.12.2013 жылғы № 10-2/636 Бұйрығымен (09.09.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2014 жылғы № 9-2/315 Бұйрығымен (05.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2015 жылғы № 9-2/816 Бұйрығына сәйкес (20.06.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес құрамы
Құрам өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 08.01.2016 жылғы № 2 Бұйрығымен (10.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)

Ермек Беделбайұлы

Көшербаев

 

-

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға;

 

Азамат Қараманұлы

Хамиев

-

Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті директорының орынбасары, төраға орынбасары;

 

Жанат Хамитұлы

Өскенов

-

«Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік Палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры;

 

Анатолий Висханович

Попелюшко

-

«Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғалардың бірлестігінің президенті;

 

Саин Рысбайұлы

Бақтыбаев

 

-

«Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің төрағасы;

 

Әуезхан Кәмешұлы

Дәрінов

-

«Қазақстан Фермерлер Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президент-төрағасы;

 

Николай Владимирович

Радостовец

-

«Қазақстан тауар өндірушілері және экспортқа шығарушылар одағы» заңды тұлғаларының республикалық бірлестігінің президенті;

 

Андрей Викторович

Разинский

-

«Қазақстандық азық-түлік одағы 2030» заңды тұлғалардың бірлестігінің вице-президенті;

 

Оралбай Әбдікәрімұлы

Әбдікәрімов

-

«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының төрағасы;

 

Азис Василийұлы

Шұтқараев

-

«Казахрыбхоз» балықшыларының қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастығының атқарушы директоры;

 

Нұртай Шамренұлы

Каменов

-

«KAZWATER» су пайдаланушылардың, тұтынушылардың және көліктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті;

 

Думай Нұрланұлы

Қыдырбаев

-

«Қазақстан Республикасы орман шаруашылығы мен ағаш өңдеу ұйымдарының «Жасыл Орман» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің кеңес төрағасы;

 

Владислав Анатольевич

Бугаев

-

«Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірігуінің президенті;

 

Рустем Жомартұлы

Кұрманов

-

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешен комитеті хатшылығының хатшысы.

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ереже
1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ереже (бұдан әрі - сараптамалық кеңес) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және «Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496, сонымен қатар «Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулыларына сәйкес әзірленді және Ауыл шаруашылығы министрлігі жанынан құрылған сараптамалық кеңесті қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындайды.
1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінен және мүдделі коммерциялық емес ұйымдардан жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
3. Сараптамалық кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына , «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сараптамалық кеңес мынадай функцияларды жүзеге асырады;
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлеген және ұсынған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олар мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында міндетті жарияланғаннан (таратылғаннан) кейін қарайды;
2) көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық кеңес мүшелерінің сараптамалық қорытындыларын жинақтауды жүзеге асырады;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлейді.
5. Сараптамалық кеңестің құрамы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өкілдерінен қалыптасады.
6. Әрбір жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігі өкілеттігі сенімхатпен расталған өз өкілі арқылы сараптамалық кеңестің құрамына қатысады.
7. Сараптамалық кеңестің құрамы сараптамалық кеңес құрылатын мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
1) сараптамалық кеңестің материалдарына қол жеткізуі;
2) сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуы;
қаралатын нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сараптамалық кеңестің отырысын өткізуі;
тиісті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелерді күн тәртібіне енгізуге өткізуге бастамашы болуы;
4) жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, оның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстарды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізуі;
5) сарапшылық кеңестің күндізгі отырысын өткізуді талап етуі мүмкін.
9. Сараптамалық кеңестердің қызметін қамтамасыз етуді Министрлік жүзеге асырады.
Министрлік жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасын сараптамалық қорытынды алу үшін, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен кейінгі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса беріп, сараптамалық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне жібереді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін мемлекеттік органдар белгілейтін мерзім ол жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіп түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен аз болмауы керек.
10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті жүзеге асырады.
10-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.07.2013 жылғы № 20/311 Бұйрығымен (17.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
10-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.06.2014 жылғы № 9-2/315 Бұйрығымен (05.12.2013 ж. редакцияны қараңыз)
11. Сараптамалық кеңестің жұмыс органы:
сараптамалық кеңес отырыстарының арасындағы кезеңде оның жұмысын ұйымдастырады;
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, мүдделі коммерциялық емес ұйымдарға жібереді және/немесе оларды мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурсына орналастырады;
сараптамалық кеңестің отырысына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
сараптамалық кеңес отырыстарының қорытындылары бойынша хаттама дайындауды және оған қол қоюды қамтамасыз етеді.
12. Сараптамалық кеңестің төрағасы сараптамалық кеңестің жұмысына басшылық жасауды жүзеге асырады, сараптамалық кеңестің кезекті отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған кезде оның отырысын шақырады, отырыстардың хаттамаларына қол қояды. Сараптамалық кеңестің төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасар орындайды.
13. Сараптамалық кеңестің шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
14. Сараптамалық кеңестің отырыстары кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.
15. Сараптамалық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасын қарауы отырыс өткізбестен, оны сараптамалық кеңестің мүшелеріне тарату жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Қарау нәтижелері бойынша осы Ережеде белгіленген тәртіппен хаттама жасалады.
16. Сараптамалық қорытындылар жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері мүшелерінің шоғырландырылған пікірін білдіреді, ұсынымдық сипатта болады және оларды мемлекеттік орган қабылдағанға дейін нормативтік құқықтық актінің жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды мемлекеттік және орыс тілдерінде, сонымен қатар қағаз және электронды тасығыш түрінде береді.
17. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ескертпелері бар бір сараптамалық қорытынды ұсынған және осы бірлестік сараптамалық кеңестің отырысын өткізуді табанды түрде талап еткен жағдайда осындай отырыстың өткізілуі міндетті болып табылады.
Бұл ретте сараптамалық кеңестің отырыстары сараптамалық кеңес мүшелерін тікелей шақыру арқылы не нақты уақыт режимінде интернет-конференция өткізу арқылы өткізілуі мүмкін.
18. Министрлік сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Министрлік сараптамалық қорытындымен келіскен кезде нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
19. Мемлекеттік органдардың жанындағы сараптамалық кеңестер қызметінің мониторингін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның жанынан құрылатын үйлестіру кеңесі жүзеге асырады.
20. Мемлекеттік органдар өзінің ресми интернет-ресурсында сарапшылық кеңестің отырысына шығарылған қолданыстағы әрбір нормативтік құқықтық акті бойынша сарапшылық кеңес мүшелері мен өзге де мүдделі тұлғалардың ұсыныстарын, мемлекеттік органдардың жауаптарын, хаттамаларды және сараптамалық қорытындыларды сақтайды.
Полная версия
ИС BestProfi