Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2017
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 20/311 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2017 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамына енгізілсін:
Құрманов Рүстем Жомартұлы - Инвестициялық саясат департаментінің директоры;
аталған құрамынан Лепешко Степан Степанович шығарылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ережеде :
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын Инвестициялық саясат департаменті жүзеге асырады.».
2. Осы бұйрык қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi