Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.12.2017
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 11-1/230 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.12.2017 жылғы № 524 Бұйрығына сәйкес 
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 577 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігі.»;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесі туралы ережеде :
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Сараптамалық кеңестің жұмыс органының функцияларын Әлеуметтік саясат басқармасына жүзеге асырады.».
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 17 мамырдағы
№ 11-1/230 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 577 бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы
Толыбаев Марат Еркенұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі, төраға
Лепешко Степан Степанович - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Әлеуметтік саясат басқармасының басшысы, төрағаның орынбасары;
Попелюшко Анатолий Висханович - «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» заңды тұлғаларының бірлестігінің президенті;
Даринов Әуезхан Камешович - «Қазақстан Фермерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі» заңды тұлғаларының бірлестігінің президенті;
Мырзахметов Абылай Исабекұлы - «Атамекен» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы;
Бақтыбаев Саин Рысбайұлы - «Қазақ мақта ассоциациясы» заңды тұлғаларының бірлестігінің төрағасы;
Радостовец Николай Владимирович - «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» заңды тұлғаларының бірлестігінің атқарушы директоры;
Игбаев Асылхан Жұмабайұлы - «Қазақстанның Ұлттық Агроөнеркәсіптік палатасы» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қауымдастығының президенті
Полная версия
ИС BestProfi