1. 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап азаматтарды тiркеу кiтаптары қолданысқа енгiзiлсiн.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.05.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының халқын тiркеудiң кейбiр мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 761 Қаулысы
Қазақстан Республикасының халқын тiркеу жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
2. Тұрғындарды есепке алу кiтаптары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде тұрғындарды есепке алу кiтаптарын азаматтарды тiркеу кiтаптарына ауыстыруды жүргiзсiн.
Тұрғындарды есепке алу кiтабын азаматтарды тiркеу кiтабына ауыстыру азаматтың тұрақты тұратын (тiркеу) орны бойынша аумақтық әдiлет органына азамат өтiнiш берген кезде жүргізiледi.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
5. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiледi және міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 шілдедегi N 761 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 маусымдағы N 453 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., N 21, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Тұрғын жайларды айырбастауды ресiмдеу тәртібiнде:
10-тармақтың г) тармақшасында "меншiк иесiнiң отбасы құрамы туралы анықтамалар және" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын берген аумақтық әділет органының мөрiмен расталған азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi және азаматтарға меншiк құқығында тиесілi тұрғын үйдiң (үй бөлiгiнiң), пәтердiң құрамы, жай-күйi және құрамы туралы анықтама" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдаланудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 2 қыркүйектегi N 1292 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулықта:
7-тармақтың төртiншi абзацында "1-қосымшаға сәйкес азаматтың отбасының құрамы және тұрған жерi туралы анықтаманы" деген сөздер "азаматтарды тiркеу кiтабын" деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үй-жай беру, жалдау және пайдалану тәртiбi туралы нұсқаулыққа 1-қосымша алынып тасталсын.
Полная версия