Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 Бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 5 наурызда № 6800 тіркелді.
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.08.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 19-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.С. Өжкенов) заңнамада  белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің   
орынбасары
Қазақстан Республикасы 
Индустрия және жаңа технологиялар         
министрі                                          Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы
№ 44 бұйрығымен бекітілді
Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже
1. Осы Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссияның (бұдан әрі – БИӨК) қызметін ұйымдастыруды, олардың құрамын, материалдарды және құжаттарды жинау мен сақтау тәртібін айқындайды.
2. БИӨК құру мақсаты кең таралған пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу, бағалау және игеру жөніндегі жобалау құжаттарын қарау болып табылатын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органның әрбір аумақтық бөлімшесінің алқалы органы болып табылады;
БИӨК өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің заңдарына, актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. БИӨК құрамын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді. БИӨК құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 26.08.2013 жылғы № 258 Бұйрығымен (28.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
23.10.2013 жылғы «Егемен Қазақстан» Республикалық газетінде жарияланды
4. БИӨК қызметін ұйымдастыруды, іс жүргізуді, БИӨК материалдары мен құжаттарын жинау мен сақтауды, жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
2. БИӨК-та материалдарды қарау тәртібі
5. Жер қойнауын пайдаланушы қағаз және электрондық тасығыштарда бес данада жобалық құжаттарды, аңдатпаны БИӨК-ке жібереді.
6. БИӨК-ке жер қойнауын пайдаланушылар кең таралған пайдалы қазбалар кенорындарын барлау мен игеру бойынша жобалау құжаттарын, оларға өзгерістер мен толықтыруларды:
1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша міндетті мемлекеттік экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздік, санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалары бар іздестіру жұмыстарының жобасын, бағалау жұмыстарының жобасын, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндіру жобасын;
2) міндетті мемлекеттік экологиялық, өнеркәсіптік қауіпсіздіксанитарлық-эпидемиологиялық сараптамалары бар, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша және жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану саласындағы өнеркәсіптік әзірлемелердің жобасын ұсынады.
7. Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша іздеу жұмыстарының жобасы, бағалау жұмыстарының жобасы, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндіру жобасы, өнеркәсiптiк әзірлемелер жобасы және оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары БИӨК-ке келiп түскен күннен бастап бір ай (отыз күн) iшiнде қаралады және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі БИӨК-тен ұсыныстар (ұсынымдар) келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бекiтеді немесе бекiтуден бас тартады.
8. Жер қойнауын пайдаланушыға егер Ереженің 6-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнде терiс қорытынды болса, іздеу жобасына, бағалау жұмыстарының жобасына, тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндіру жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлмейді.
Егер ұсынылып отырған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар кенорындарын игерудiң оң тәжірибесіне, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi талаптарға сәйкес келмесе және Ереженің 6-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген сараптамалардың бiрiнде терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушыға өнеркәсiптiк әзірлемелер жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлмейді.
9. БИӨК отырысының хаттамасын ресімдеуді БИӨК хатшысы жүзеге асырады. БИӨК отырысының хаттамасына БИӨК-тің отырысына қатысқан барлық мүшелерi қол қояды.
10. Ерекше пiкiрге БИӨК мүшелерiнiң жазбаша түрде жазылуға және хаттамаға тiркелуге тиiс.
11. БИӨК-ты төраға, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
12. БИӨК ұсыныстары отырысқа қатысып отырған БИӨК мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс беру тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
13. БИӨК отырыстары қажеттiлiгiне қарай өткiзiледi және егер оларға БИӨК мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
БИӨК мүшелері өздерінің қызметтеріне ауыстырылу құқығынсыз қатысады.
14. БИӨК ұсынысы (ұсынымы) бойынша қабылданған жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлмшесінің шешiмi меншiк нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлері, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игерудi жобалау және жүзеге асырумен айналысатын шетелдiк субъектiлер үшiн орындалуы мiндеттi болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi