Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 258 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8736 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылға 24 маусымдағы Заңының 21-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. «Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 28 ақпандағы № 44 бұйрығына (№ 6800 нормативтік құқықтық акт Мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 7 сәуірде № 134-137 (26539) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі өңіраралық комиссиялар туралы ережеде:
«3. БИӨК құрамын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы бекітеді. БИӨК құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ тау-кен өндіру мен қайта өңдеу салаларының мамандары кіреді.».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е. Сауранбаевка жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі        Ә. Исекешев
Полная версия
ИС BestProfi