Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 11.01.2026
"Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 293 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 қыркүйекте № 8745 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 23.12.2025 жылғы № 133 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы
16 тамыздағы № 141-р өкімінің 13-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және олардың қолданылу салаларын кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. «Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2010 жылғы 6 тамыздағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6402 болып тіркелген) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарда:
мынадай редакциядағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Осы Талаптардың ережесі концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-іне қолданылмайды.
Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау шаралары ретінде концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру болжанып отырған концессиялық жобалардың ТЭН-ін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.»;
2. Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Полная версия
ИС BestProfi