Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.07.2023
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысы
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес 
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 Қаулысына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
Редакция 08.11.2022 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (23.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 Қаулысына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесі;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесі;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Қағидалардың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының екінші бөлігін, 3-тармағының екінші бөлігін, 9, 11-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі        С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 қаулысына
1-қосымша
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 250 Қаулысымен (02.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (20.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысымен (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.12.2016 жылғы № 862 Қаулысымен (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.01.2017 жылы № 2 (28983) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысымен (27.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысымен (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысымен (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 06.01.2021 жылғы №1 Қаулысына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 жылдан бастап туындаған қатынастарға қолданылады)
1. Осы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері (бұдан әрі – зейнетақы төлемдері) – зейнетақы төлемдерін алушыларға төленетін зейнетақы жинақтарының төлемдері;
4) біржолғы зейнетақы төлемі – Заңда және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен салымшы (алушы) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоятын, міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы;
Полная версия
ИС BestProfi