Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2023
"Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2013 жылғы 17 тамыздағы № 479 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 қыркүйекте № 8732 тіркелді
Осы Бұйрық 2023 жылғы 26 наурыздан бастап күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 09.03.2023 жылғы №36 Бұйрығына сәйкес 
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3) тармақшасына сәйкес және амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушы 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6774 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2011 ж. 15 маусымда № 3) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Төлеғалиева):
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Байжүнісов
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 17 тамыздағы
№ 479 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 7 бұйрығымен
бекітілген
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі жөніндегі ереже
1. Осы Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қоса алғандағы амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.
2. Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
3. Амбулаториялық-емханалық көмек (бұдан әрі – АЕК) көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» есепке алу есеп беру құжаттамаларын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 907 бұйрығына (бұдан әрі – № 907 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) сәйкес жүргізеді.
4. АЕҰ негізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi