Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 қазандағы № 1092 қаулысы
Редакция 29.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдары Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 11 қазандағы
№ 1092 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерін қалыптастырудың 2020 жылға дейінгі ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1. Перспективалы ұлттық кластерлерді қалыптастыру пайымы
Кластерлер инновацияларға, өнеркәсіптік дамуға, бәсекеге қабілеттілік пен экономиканың тиімділігіне ықпал ететін маңызды құрал болып табылады. Кластерлік саясат әлемде қазіргі заман жағдайында инновациялық дамудың барабар тетігі ретінде кең таралды.
Кластерлік тәсіл жаңа өндірістер ашу мен елдің әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығын күшейтетін, қосылған құн мен ғылымды қажет етушіліктің жоғары деңгейіндегі қызметке байланысты. Кластерлік тәсілдің артықшылығы жоғары технологиялық және инновациялық бизнесті дамытуға, сондай-ақ ведомствоаралық және салааралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталуына байланысты.
Осы Тұжырымдамада «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасының перспективалы ұлттық кластерлерінің мақсаттары, міндеттері және даму бағыттары көрініс тапқан.
Перспективалы ұлттық кластерлер ретінде заманауи технологиялар мен бизнес модельдеріне негізделген бәсекеге қабілетті, инновациялық өнімдер мен қызметтер өндіру үшін біріктірілген жеке сектордағы компаниялардың, ұйымдардың, ғылыми-зерттеу және инжинирингтік ұйымдардың, инвесторлардың, қаржы институттары мен арнайы даму аумақтарының (арнайы экономикалық аймақтар (бұдан әрі – АЭА), технопарктер, индустриялық аймақтар (бұдан әрі - ИА) өзара пайдалы кооперациясы түсініледі.
Осы Тұжырымдама перспективалы ұлттық кластерлерді, оларды ғылыми-білім беру, инфрақұрылымдық және кадрлық қолдауды дамыту үшін институционалдық, әдіснамалық, ұйымдық негіздерді қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Бұл ретте кластерлік тәсіл экономика дамуының салалық тәсілін алмастырмайды, қайта мемлекеттік салалық саясатты толықтырады. Қазақстанда жаңа құзыреттер (технология және өнім, білім және дағды) инновациялық кластерлерді ұйымдастыру қағидаты негізінде салалардың, компаниялардың және ел өңірлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады.
АЭА-ның, технопарктердің, ИА-ның, бизнес-инкубаторлардың және кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерінің әлеуетін пайдалану кластерлік жобаларды дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктер ашады.
Отандық кластерлердің ғаламдық жеткізу тізбегіне енуі ұлттық технологиялық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай көтеруге, экономикалық өсу, кластерлер құрамына кіретін бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Тұжырымдама сондай-ақ перспективалы ұлттық кластерлерді мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен тетіктерін айқындайды.
Кластерлік дамытудың әлемдік тәжірибесін талдау
Полная версия
ИС BestProfi