«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2016
Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес
Редакция 03.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Мына қаржылық есептілік нысандары бекітілсін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 23.09.2013 жылғы № 250 Қаулысымен (27.05.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.12.2013 жылы „Заң газеті„ газетінде жарияланды
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік баланс (арнайы қаржы компаниялары ұсынады);
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс (исламдық арнайы қаржы компаниялары ұсынады);
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есеп (исламдық арнайы қаржы компаниялары ұсынады);
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынады);
5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынады);
6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынады);
7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері бойынша пайда мен зиян туралы есеп (бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары ұсынады);
8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері ұсынады);
9) осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері ұсынады);
10) осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (Ұлттық почта операторы, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тіркеуші, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылар, микроқаржы ұйымдары ұсынады);
11) осы қаулының 11-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар, тіркеуші, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (Ұлттық почта операторын, қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), инвестициялық портфельді басқарушылар, микроқаржы ұйымдары ұсынады);
12) осы қаулының 12-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (Ұлттық почта операторы ұсынады);
13) осы қаулының 13-қосымшасына сәйкес инвестициялық қордың (басқа да клиенттердің) активтері бойынша бухгалтерлік баланс (инвестициялық портфельді басқарушылар ұсынады, әрбір инвестициялық қор бойынша бөлек және басқа да клиенттер бойынша жиынтықпен толтырылады);
14) осы қаулының 14-қосымшасына сәйкес инвестициялық қордың активтері бойынша пайда мен зиян туралы есеп (инвестициялық портфельді басқарушылар ұсынады, әрбір инвестициялық қор бойынша бөлек толтырылады);
15) осы қаулының 14-1-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады);
16) осы қаулының 14-2-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады);
Полная версия