Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 29.09.2016
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 қазандағы № 1120 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.09.2016 жылғы № 546 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 59-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Тамара Босымбекқызы халықты әлеуметтік қорғау министрі
Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және
Аслан Бәкенұлы ғылым министрі;
көрсетілген құрамнан: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов, Серік Сақбалдыұлы Әбденов, Ерлан Тынымбайұлы Қарин шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия