Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 қаулысы
Тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 250 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2014 жылдан бастап)
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.06.2023 жылғы № 528 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 26.10.2022 жылғы № 850 Қаулысына сәйкес (06.04.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 250 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2014 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысына сәйкес (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Қағидалардың 43-тармағының қолданысы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын. Тоқтатыла тұрған кезеңде көрсетілген тармақ мынадай редакцияда қолданылады:
«43. Салық органының өкімдері бойынша, егер пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек өндіріп алынатын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының тізімдерін агент ұсынбаған жағдайда және міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек болған кезде банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар агенттердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар мен салық берешектерін аударуға қатысты нұсқауларды орындайды.».
4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 3-тармағының екінші бөлігін, 7-тармағын, 4-бөлімін қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері
Қағидалар мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.03.2014 жылғы № 250 Қаулысымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
Қағидалар мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.10.2014 жылғы № 1140 Қаулысымен (20.03.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 12.12.2014 жылғы № 1310 Қаулысымен (27.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.12.2014 ж № 249 (28472) Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2015 жылғы № 255 Қаулысымен (12.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
Қағидалар мен мерзімдер өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.12.2015 жылғы № 988 Қаулысымен (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар мен мерзімдер жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 14.04.2016 жылғы № 215 Қаулысына сәйкес (10.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1. Осы Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттердің (бұдан әрі – агенттер) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ) аудару және олар бойынша өндіріп алу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 04.05.2018 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (29.09.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс және 01.01.2018 ж. бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады) 11.05.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.11.2020 жылғы № 745 Қаулысына сәйкес (28.05.2020ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.11.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер өздерінің орналасқан (тұратын) жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарында агент ретінде есепке алынуға тиіс.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
3. Агенттер жұмыскерлерге төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға аударады.
3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесінде көзделген жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын агенттер жұмыскерлерге төленетін табыстан ай сайын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есебіне жазады және БЖЗҚ-ға аударады.
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.09.2017 жылғы № 603 Қаулысына сәйкес (27.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.10.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ дара кәсіпкерлер міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды өзінің пайдасына БЖЗҚ-ға аударады.
3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
Шаруа немесе фермер қожалықтары міндетті зейнетақы жарналарын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептейді және оларды шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшесінің (қатысушысының) және басшысының пайдасына БЖЗҚ-ға аударады. Шаруа немесе фермер қожалығының кәмелетке толған мүшелерінің (қатысушыларының) пайдасына міндетті зейнетақы жарналары олар кәмелетке толған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың басынан бастап есептелуге және төленуге тиіс.
3-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады)
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және (немесе) жұмысынан айырылу, жүктілігіне, босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты, баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен субсидияланатын міндетті зейнетақы жарналарын ай сайын есептеуді және ұстап қалуды міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне (бұдан әрі – жеке тұлғалардың бірыңғай тізімі) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.
Заңның 39-бабының 2-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтар үшін міндетті зейнетақы жарналары алатын кірісінің 10 пайызы, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі мөлшерінің 10 пайызынан кем болмайтын мөлшерде және республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген жалақының ең төменгі 50 еселенген мөлшерінің 10 пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде оларды кейіннен БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына аудару үшін банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қолма-қол ақшалай жарна салу арқылы төленуге тиіс.
3-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 09.10.2018 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 08.05.2019 жылғы № 263 Қаулысына сәйкес (09.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)