«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 10.03.2015
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.03.2015 жылғы № 119 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі (бұдан әрі - тізілім) - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
3. Тізілімді жүргізудің негізгі міндеті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді анықтау және тізілімге енгізу болып табылады.
4. Тізілімді жүргізу мақсаттары:
1) көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру;
2) көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтердің ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді есепке алу және талдау.
5. Тізілім мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.
2. Тізілімді жүргізу тәртібі
6. Тізілімді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау тұрғысынан талдау;
2) жүргізілген талдау негізінде тізілімге енгізуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін айқындау;
3) анықталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді тізілімге енгізу;
4) тізілімге оның мазмұнын өзектілендіру (жаңарту) тұрғысынан мониторинг жүргізу;
5) тізілімге енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді өзектілендіру (жаңарту).
7. Тізілімге енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыруға бағдарланған болуы;
2) дара тәртіппен жүзеге асырылуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы;
4) көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағдарлануы.
8. Тізілімді жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
9. Уәкілетті орган қажет болған жағдайда жыл сайын, 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
10. Тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар:
1) тізілімдегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерге жыл сайын түгендеу жүргізеді;
2) 1 маусымнан және 1 қарашадан кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныстар береді.
3. Тізілімнің құрылымы
11. Тізілім:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
2) көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті (жеке және (немесе) заңды тұлға); мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын; көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
3) өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және/немесе мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілген жағдайда, «электрондық үкіметтің» веб-порталын көрсетуді;
4) мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
5) мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін болуын көздейді.
12. Тізілім сыныптамасы:
1) қоғамдық қатынастар саласына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін бөлімдерден;
2) көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің топтамасын білдіретін кіші бөлімдерден;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірлерінен тұрады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке тізілім сыныптамасының барлық деңгейдегі кодтарынан қалыптастырылатын цифрлық белгілер түріндегі сегізмәнді жеке сыныпталған код беріледі.
Сыныпталған код үш бөліктен тұрады:
1) бірінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және қоғамдық қатынастар саласындағы бөлімді білдіреді;
2) екінші бөлік - 2 цифрдан тұрады және көрсетілетін қызметті алушының өмірлік жағдайына байланысты кіші бөлімді білдіреді;
3) үшінші бөлік - 3 цифрдан тұрады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші бөлім ішіндегі реттік нөмірін білдіреді.
14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметке сыныпталған кодты уәкілетті орган береді.
15. Тізілім сыныптамасы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес құрылым бойынша жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы мәліметтер
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің коды | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | Көрсетілетін қызметті алушылардың санаты | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауы | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Өтініштерді қабылдауды және ресімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар | Ақылы болуы | оның ішінде: | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны | Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі | Ескертпе (тізілімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негізі) | |
құқықтық негізі | төлем мөлшері | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің сыныптамасы
Бөлім | ||
Кіші бөлім | ||
Атауы | ||
001 | Құжаттау | |
00101 | Жеке басын және мәртебесін куәландыратын құжаттарды/анықтамаларды алу | |
00102 | Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес құқықтарды қамтамасыз ететін құжаттарды алу | |
002 | Жеке тұлғалар мен азаматтарды тіркеу | |
00201 | Жеке тұлғалардың мәртебесін, тұрғылықты жерін, Т.А.Ә. және басқа деректерін тіркеу/ауыстыру | |
00202 | Шетелде болу | |
00203 | Қазақстан Республикасына келу | |
003 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу | |
00301 | Жеке және заңды тұлғаларды тіркеу | |
004 | Отбасы және балалар | |
00401 | Отбасы құру | |
00402 | Туу, қамқоршылық және бала тәрбиелеу | |
00403 | Бала үшін білім және бос уақыт | |
00404 | Баланы асырап-бағу және қамтамасыз ету | |
005 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы | |
00501 | Жылжымалы мүлік | |
00502 | Жылжымайтын мүлік | |
00503 | Зияткерлік меншік | |
00504 | Мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
006 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау | |
00601 | Медициналық көмек | |
00602 | Денсаулық сақтау саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00603 | Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы | |
00604 | Денсаулық, медицина және денсаулық сақтау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
007 | Еңбек және әлеуметтік қорғау | |
00701 | Халықты жұмыспен қамту | |
00702 | Жұмыспен қамту саласындағы рұқсат құжаттарын беру | |
00703 | Әлеуметтік қамтамасыз ету, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру | |
00704 | Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау | |
00705 | Әлеуметтік қызметтер | |
00706 | Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
008 | Білім және ғылым | |
00801 | Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім | |
00802 | Білім және ғылым саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00803 | Білім және ғылым саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
009 | Бизнес және кәсіпкерлік | |
00901 | Бизнесті немесе жеке кәсіпкерлікті бастау | |
00902 | Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы | |
00903 | Белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00904 | Өнімдердің жекелеген түрлерін өндіруге рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00905 | Өнімдердің жекелеген түрлерін сатып алуға, сатуға және сақтауға рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
00906 | Кәсіпкерлік қызметті қолдау | |
010 | Туризм | |
01001 | Туризм саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
011 | Көлік және коммуникация | |
01101 | Автомобиль көлігі | |
01102 | Әуе көлігі | |
01103 | Теміржол және су көлігі | |
01104 | Көлік және коммуникация саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
012 | Қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, табиғи ресурстар | |
01201 | Қоршаған ортаны қорғау | |
01202 | Су ресурстарын пайдалану | |
01203 | Орман ресурстарын пайдалану | |
01204 | Жануарлар әлемін пайдалану | |
01205 | Жер қойнауын пайдалану | |
013 | Ауыл шаруашылығы | |
01301 | Ауыл шаруашылығы саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
01302 | Ауыл шаруашылығы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
014 | Өнеркәсіп, индустрия және технология | |
01401 | Отын және энергетика | |
01402 | Технологиялар | |
01403 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01404 | Өнеркәсіп, индустрия және технологиялар саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
015 | Мұнай-газ саласы | |
01501 | Мұнай-газ саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01502 | Мұнай-газ саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
016 | Салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық қызмет | |
01601 | Салықтық әкімшілендіру | |
01602 | Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік | |
01603 | Аудиторлық қызмет | |
017 | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау | |
01701 | Банктер қызметі саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01702 | Зейнетақы қорларының қызметі саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01703 | Сақтандыру қызметтерінің нарығы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01704 | Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
018 | Кеден ісі | |
01801 | Кеден ісі саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
019 | Қауіпсіздік, қорғаныс және сот төрелігі | |
01901 | Қауіпсіздік, сот төрелігі және қорғаныс саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
01902 | Қауіпсіздік, сот төрелігі және қорғаныс саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
020 | Бәсекелестікті қорғау | |
02001 | Бәсекелестікті қорғау саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
021 | Дін | |
02101 | Дін саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
022 | Жер қатынастары, геодезия және картография | |
02201 | Жер қатынастары | |
02202 | Геодезия және картография | |
023 | Мәдениет, ақпарат және байланыс | |
02301 | Байланысты ұйымдастыру және ұсыну саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02302 | Ақпарат | |
02303 | Мәдениет | |
024 | Төтенше жағдайлар | |
02401 | Төтенше жағдайлар саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
025 | Дене шынықтыру және спорт | |
02501 | Дене шынықтыру және спорт саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
026 | Сәулет-қала құрылысы қызметі | |
02601 | Сәулет-қала құрылысы саласындағы рұқсат құжаттарын беру (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) | |
02602 | Сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
027 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | |
02701 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
028 | Сыртқы саясат және сыртқы істер | |
02801 | Сыртқы саясат және сыртқы істер саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
029 | Табиғи монополияларды реттеу | |
02901 | Табиғи монополияларды реттеу саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
030 | Мемлекеттік қызмет | |
03001 | Мемлекеттік қызмет саласындағы басқа да мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |
031 | Басқалары | |
03101 | Ғарыш кеңістігін пайдалану | |
03102 | Апостиль қою | |
03103 | Статистикалық ақпарат беру | |
03104 | Мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттік меншік | |
03105 | Анықтамалар беру |
Полная версия