Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 08.08.2017
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 қазандағы № 1143 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылдың 8 тамызынан бастап ҚР Үкіметінің 04.08.2017 жылғы № 470 Қаулысына сәйкес
Редакция 10.08.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6), 38-7) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары бекітілсін.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысымен (05.08.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2015 жылы № 165(28041) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. «Отын пайдалану қорының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1996 жылғы 19 желтоқсандағы № 577-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1143 қаулысымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормасы
1. Қатты және сұйық отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.08.2014 жылғы № 898 Қаулысымен (24.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) жеткізу қашықтығы 200 километрге дейін болғанда 10 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері;
2) жеткізу қашықтығы 200 километрден астам болғанда 20 тәулікке арналған негізгі және резервті отын мөлшері.
2. Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін, оларда мазут:
авариялық отын, 5 тәулікке арналған отын мөлшері;
резервтік отын, 10 тәулікке арналған отын мөлшері болып табылады.
3. Мазут жағатын отын болып табылатын энергия өндіруші ұйымдар үшін:
10 тәулікке арналған отын мөлшері, бұл ретте бір мезгілде жағылатын агрегаттар саны:
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар 4х200 мегаватт, 3х300 мегаватт және одан жоғары электр станциясында – блоктарда;
номиналды өнімділігінен 30%-ға дейін жүктемесі бар жылу электр орталығының екі ең үлкен қазанынан жоғары болмауы тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi