Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 06.10.2017
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамын және ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 27 тамыздағы № 543 бұйрығы
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 06.10.2017 жылғы № 411 Бұйрығына сәйкес
Редакция 06.09.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы;
2) Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Евгений Иосифович Аманға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 тамыздағы
№ 543 бұйрығымен бекітілген
Қосымша өзгертілді ҚР Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 06.09.2013 жылғы № 10-2/408 Бұйрығымен (27.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы

Толыбаев Марат Еркінұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-министрі, комиссия төрағасы;
Рүстем Жомартұлы Құрманов Инвестициялық саясат департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары;
Бақыт Мәдиұлы Ілиясов Егіншілік департаменті директорының орынбасары;
Степан Степанович Лепешко Әлеуметтік саясат басқармасының басшысы;
Қалдыбек Мейірбекұлы Бейсенбиев Мелиорация және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету басқармасы басшысының м.а.;
Нұрбала Әбдіманапқызы Аймаханова Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаментінің Қайта өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы;
Еркебұлан Қартайұлы Ахметов Мал шаруашылығы департаментінің Мал шаруашылығы мониторингі және талдау басқармасының басшысы;
Бибігүл Темірғалиқызы Бекенова Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринариядағы интеграциялық өзара іс-әрекет басқармасының басшысы;
Сара Аманқызы Байсалықова Фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің бас сарапшысы;
Әлия Ерболқызы Баймолдина Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшысы;
Қымбат Өтешқызы Нұрбекова Инвестициялық саясат департаментінің бас сарапшысы, комиссия хатшысы.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесінің (бұдан әрі - Ереже) 7-тармағына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) нормативтік құқықтық актілер жобаларына сараптама жүргізуге қатысу үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі мен құрылымының тәртібін анықтайды.
2. Министрліктің аккредиттеуіне жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері қатысады.
3. Комиссия Министрлік жанынан құрылған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.
4. Жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Вице-министрімен басқаратын комиссия құрамына Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
4-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 06.09.2013 жылғы № 10-2/408 Бұйрығымен (27.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
5. Комиссияның жұмыс органының функциясы Инвестициялық саясат департаментіне жүктеледі.
5-тармақ өзгертілді ҚР Ауыл шарушылығы министрінің міндетін атқарушының 06.09.2013 жылғы № 10-2/408 Бұйрығымен (27.08.2010 ж. редакцияны қараңыз)
6. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды;
1) Комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы;
2) Министрлікпен аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы;
3) аккредиттеу туралы куәлікті немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру.
7. Егер, аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестіктер үміткер болған жағдайда, онда осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі) қызметкерлердің жиынтығында ауқымды саны бар бірлестік аккредиттеуге жатады.
8. Егер аккредиттеуге бір әкімшілік-аумақтық бірлестікті, қызметтің бір саласын білдіретін екі немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын біріктіретін коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
9. Құжаттарды қарау комиссияның мәжілістерінде жүзеге асырылады.
2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуды;
3) аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынады.
10. Мемлекеттік орган комиссияның ұсынымы негізінде аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Аккредиттеу туралы куәлік немесе себебін негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама мемлекеттік орган тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке беріледі.
11. Құжаттарды қарау (өтініштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
1) берілген құжаттар осы Ереженің 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) бірлестік өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған;
3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе толық емес мәліметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін.
13. Аккредиттеу туралы куәлік осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3 жыл мерзімге беріледі.
14. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берілмейді.
15. Аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде бірлестік тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде куәлікті берген Министрліктен оның телнұсқасын ала алады.
16. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын мемлекеттік орган аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұрады.
17. Куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде Министрлік Комиссияның оң шешімі негізінде оның қолданылуын жаңғыртады.
18. Аккредиттеу туралы куәлік өз қолданылуын мынадай:
1) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір айдың ішінде жойылмаған;
2) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
3) бірлестік куәліктің қолданылуын ерікті тоқтату туралы өтініш берген;
4) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда тоқтатады.
19. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін он жұмыс күні ішінде қарайды.
20. Министрлік бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күні ішінде (Министрлікпен жолсыздықты тапқан сәттен бастап) хабардар етеді.
Полная версия
ИС BestProfi