Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 19.05.2015
Сот сараптамасының кейбiр мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 қарашадағы N 1414 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап ҚР Үкіметінің 25.04.2015 жылғы № 291 Қаулысына сәйкес 
«Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 30.12.2014 жылғы № 1403 Қаулысын қараңыз
1. Қоса берiлiп отырған Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге асырылатын арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптар бекiтiлсiн. 
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түскен қаражатты пайдалану жөнiндегі нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 486  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасы орталығы ұсынатын ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан түсетiн қаражатты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта: 
1-тармақтың екiншi абзацында: "азаматтық және қылмыстық iстер бойынша сот сараптамасы органы оның өндiрiсiмен байланысты шеккен шығыстарды өтеу сараптамаларын" деген сөздер "қылмыстық және азаматтық iстер бойынша сот сараптамасы өндiрiсiн, сондай-ақ Орталық қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысуын Орталық шеккен шығыстарды өтей отырып" деген сөздермен ауыстырылсын; 
бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: 
"Орталықтың азаматтық және қылмыстық iстер бойынша сот сараптамаларын жүргiзгені, сондай-ақ оның қызметкерлерiнiң азаматтық iстер бойынша мамандар ретiнде қатысқаны үшiн төлем есебiне алатын сомалары сарапшылардың не мамандардың еңбегiне ақы төлеуден және Орталық шеккен шығыстарды өтеуден тұрады.";
     
екiншi сөйлемде "Сарапшы" деген сөзден кейiн "не маман" деген сөздермен толықтырылсын;
     
"оны өндірумен байланысты" деген сөздер алынып тасталсын.
     
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 7 қарашадағы
N 1414 қаулысымен бекiтiлген
СОТ САРАПТАМАСЫ ӨНДIРIСI ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН АРНАЙЫ ЖАРАҚТАНДЫРЫЛҒАН YЙ-ЖАЙЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН СТАНДАРТТАР МЕН ТАЛАПТАР
---------------------------------------------------------------------------
р/с!  Сот сараптамасының түрлерi  !    Сот сараптамасы өндiрiсi жүзеге
 N !                              !  асырылатын арнайы жарақтандырылған    
   !                              !        үй-жайлар үшiн қажеттi          
   !                              !          жабдықтардың атауы
---------------------------------------------------------------------------
1.  Құжаттардың сот сараптамасы    1. "VSС-2000" немесе "ЕD-1100" үлгiлi
                                      бейнеспектрлiк компьютер (УК және ИК
                                      сәуле шығару көзiмен)
                                   2. Теледидарлық спектрлiк люминесцентті
                                      микроскоп (үлкейтуi 140-қа дейiн,
                                      көрiну спектрi кең диапазонда        
                                      зерттеу, ИК және УК салаларында)
                                   3. Шыны жарық сүзгіштер жинағы
                                   4. "Avtoshop" және ИПС "Паспорт"
                                      бағдарламалық қамтамасыз ету
                                   5. Микрометрлер
                                   6. Спектрлiк бейнелупасы
                                   7. ПОН-2 оптикалық қабаттастыру аспабы
                                   8. Шағын шприцтер
                                   9. Хроматографқа арналған пиролиттiк
                                      тiреуiш
                                   10. Секунд өлшеуiштер
                                   11. Валюта тестерлерi
                                   12. Дербес компьютер
     
2.  Соттық портреттiк сараптама    1. "Avtoshop" бағдарламалық қамтамасыз
                                      ету
                                   2. Дербес компьютер
3.  Соттық бейнефонографиялық      1. Бейнефонографиялық сараптамаларды
    сараптама                         жүргізу жөнiндегi жұмыс станциясы,
                                      жинақта:
                                    - "Реntiuм", ОЗУ, 64 МБ сыныпты
                                      компьютер;
                                    - STC P 118.1 16-разрядты кәсiби
                                      дыбыстық электронды тақша, жинаққа
                                      алып шығу пультi (АЦП) және арнайы
                                      бағдарламалық қамтамасыз ету де      
                                      кiредi
                                   2. Екi кассеталы магнитофон,
                                      күшейткiштермен, бағандармен жинақта
                                   3. Стандартты компакт-кассеталарға
                                      арналған диктофон
                                   4. Стандартты шағын кассеталарға
                                      арналған диктофон
                                   5. Бейнемагнитофон
                                   6. Тыңдағыштар
                                   7. Зарядтау құрылғысы
                                   8. Дербес компьютер
     
4.  Соттық фототехникалық          1. Фототехникалық сараптама
    сараптама                         сарапшысының жұмыс орны:
                                    - Түрлi түстi теледидар, 53            
                                      диагональдi;
                                    - Стопкадрлi бейнемагнитофон;
                                    - "САSIО" цифрлы фотоаппараты;
                                    - Тыңдағыштар
                                    - 4 батареялы саусақша аккумуляторлық
                                      батареяларға арналған зарядтық
                                      құрылғы;
                                    - Қоректiк аккумуляторлық батареялар;
                                    - Дербес компьютер
     
5. Соттық трасологиялық сараптама  1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы
                                   2. БМИ-1Ц микроскобы
                                   3. МБС микроскобы
                                   4. Жарықтандырғыш
                                   5. Суық қару адырнаның тартылу күшiн
                                      анықтауға арналған қабырға
                                   6. ИК-жарық беру шамы
                                   7. "Клинок" құрылғысы
                                   8. Дактилоскопиялық қобдиша
                                   9. Динамометр
                                   10. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш      
                                       лупалар
                                   11. Тiреуiшi және қосалқы
                                       жарықтандырғышы бар тұрақты лупа
                                   12. Әртүрлi мөлшердегi дактилоскопиялық
                                       жаққыш
                                   13. Магниттi дактилоскопиялық жаққыш
                                   14. Муфельдi пеш
                                   15. Кептiргіш шкаф
                                   16. Зертханалық тоңазытқыш
                                   17. 100 кг. дейiнгі техникалық          
                                       таразылар, дәлдiгi 1 г.
                                   18. Зертханалық, электрлiк, қыш         
                                       тақташалар
                                   19. Микрометрлер
                                   20. Дербес компьютер
     
6.  Соттық баллистикалық сараптама 1. Салыстырмалы МСК-1 микроскобы
                                   2. БМИ-1Ц микроскобы
                                   3. МБС микроскобы
                                   4. Оққаққыш
                                   5. Оқтың жылдамдығын анықтауға
                                      арналған аспап
                                   6. Экспериментальдi атуға арналған
                                      қондырғы
                                   7. Жарықтандырғыш
                                   8. УК-жарықтандырғышы
                                      (лямбда-254 және 360 нм)
                                   9. ИК-жарық беру шамы
                                   10. Тир прожекторы
                                   11. Кiшi көлемдi прожектор (галогендi   
                                       шам)
                                   12. Арнайы нысан
                                   13. Динамометр
                                   14. 2,5-тен 7-ге дейiнгі үлкейткiш      
                                       лупалар
                                   15. РФ-4 үлгiлi фотографиялық жайылма
                                   16. Дербес компьютер
     
7.  Материалдар мен бұйымдардың    1. Екi детекторлы сұйықтық
    сот сараптамасы                   хроматографы: 1. Diod Аrrоу Dеtесtоr;
                                      2. Mass Selective Detector
                                   2. Микродифрактометр
                                   3. Рентгендiфлуоресценттiк спектрометрi
                                   4. Микроскпектрофотометр
                                   5. Olympus АХ-70 полярлау микроскобы
                                   6. ҒХ-5 iздестіру аспабы
                                   7. ИК-"Аvаtаr-320" спектрометрi
                                   8. УК-дағы және көрiну аумағындағы
                                      спектрофотометр
                                   9. Газ генераторлы (сутегі, азот, ауа)
                                      жалынды-иондалған детекторы бар
                                      газды хроматограф
                                   10. МС детекторлы газды хроматограф
                                   11. Биологиялық микроскоптар
                                   12. МБС үлгілi оптикалық
                                       стереомикроскоптар
                                   13. Бензиннiң сапасына бақылау жасайтын
                                       талдауыш
                                   14. Мұнай өнiмдерiн фракциялауға        
                                       арналған қондырғы
                                   15. Рефрактометрлер
                                   16. Балқу температурасын анықтайтын
                                       аспаптар (Кофлер үстелi үлгісiнде)
                                   17. АОН-1 ареометрлер жинағы
                                       (сұйықтықтардың тығыздығын анықтау
                                       үшін)
                                   18. Ареометрлер жинағы (ҚСБ күштiлiгiн
                                       анықтау үшiн)
                                   19. Муфельдi пеш
                                   20. Дозиметр-радиометр
                                   21. Гамма сәуле шығару дозиметрi
                                   22. Кептiргiш шкаф
                                   23. Дистилляторлар
                                   24. Вакуумды кептiргiш қорабы
                                   25. Вакуумды сорғы
                                   26. Ультрадыбысты монша
                                   27. Ұсатқыш
                                   28. Су моншасы
                                   29. 200 г. дейiнгі электрондық          
                                       таразылар, принтерi бар, дәлдiгi    
                                       0,0001 г.
                                   30. 100 кг. дейiнгi техникалық          
                                       таразылар, дәлдiгі 1 г.
                                   31. Зертханалық, электрлiк, қыш         
                                       тақташалар
                                   32. Хроматограммаларды кептiруге
                                       арналған фен
                                   33. Хроматографияға арналған камералар
                                   34. ТР-5014-01 қаттылық өлшеуiшi
                                   35. Микрометрлер
                                   36. Секундөлшеуiш
                                   37. Шағын шприц
                                   38. Монеталардың, құнды металдардың
                                       электрохимиялық детекторы
                                   39. УК-жарықтандырғышы
                                       (лямбда-254 және 360 нм)
                                   40. Дербес компьютер
     
8.  Жол-көлiк оқиғалары және көлiк 1. Жол айырғы коэффициентiн өлшейтiн
    құралдарының сот сараптамасы      аспап
                                   2. Жол-көлiк оқиғалары болған жерге
                                      апаруға арналған қобдиша
                                   3. Ықшам десселерограф
                                   4. Дербес компьютер
9. Соттық экономикалық сараптама   1. Бағдарламамен қамтамасыз етiлген
                                      дербес компьютер
10. Соттық тауартану сараптамасы   1. Монеталардың, құнды металдардың
                                      электрохимиялық детекторы
                                   2. Гауhартастарды тексеру аспабы
                                   3. МБС үлгiлi микроскобы
                                   4. ТР-5014-01 қаттылық өлшеуiшi
                                   5. Стандартты мүсiнше
                                   6. 200 г. дейiнгi электрондық таразылар,
                                      дәлдігі 0,001 г.
                                   7. 200 г. дейiнгi электрондық таразылар,
                                      принтерi бар, дәлдiгі 0,0001 г.
                                   8. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар,
                                      дәлдiгi 0,1 г.
                                   9. 100 кг. дейiнгi техникалық таразылар,
                                      дәлдiгi 1 г.
                                   10. Дербес компьютер
     
11. Соттық құрылыс сараптамасы     1. Бағдарламамен қамтамасыз етiлген
                                      дербес компьютер
12. Соттық технологиялық сараптама 1. "Реntiuм" ОЗУ, 64 МБ сыныпты
                                      компьютерлері, СD-RОМ жинақта
13. Соттық өрт-техникалық          1. Газ сұйықтық хроматографы
    сараптамасы                    2. Хроматографияға арналған камералар
                                   3. УК-жарықтандырғышы
                                      (лямбда-254 және 360 нм)
                                   4. "Тестер" үлгiлi электрөлшеуіш аспабы
                                   5. 200 г. дейiнгі электрондық таразылар,
                                      дәлдiгi 0,0001 г.
                                   6. Зертханалық, электрлiк, қыш          
                                      тақташалар
                                   7. Хроматограммаларды кептiруге
                                      арналған фен
                                   8. Микрометрлер
                                   9. Шағын шприц
                                   10. Өрт орындарына алып шығуға арналған
                                       қобдиша
                                   11. Зертханалық тоңазытқыш
                                   12. Дербес компьютер
     
14. Соттық жарылыстехникалық       1. 200 гр. дейiнгі жарылғыш камера 
    сараптамасы                       немесе жарылғыш цилиндр
                                   2. ВВ (ықшам бу детекторы) МО-1 бу
                                      газталдауышы
                                   3. АКА-720 г. жалпы қолданыстағы ықшам
                                      металл детекторы
                                   4. Жарылыс құрылғыларына сәуле түсiруге
                                      арналған рентген аппараты
                                   5. "Экспрей" жедел-тестi
                                   6. Ұсатқыш
                                   7. Дербес компьютер
15. Есiрткiнiң, психотроптық       1. Екi детекторлы сұйықтық
    заттардың және                    храмотографы: 1. Diod Arroy Dеtесtоr;
    прекурсорлардың сот               2. Mass Selective Detector
    сараптамасы                    2. Микродифрактометр
                                   3. Микроспектрофотометр
                                   4. Olympus АХ-70 полярлау микроскобы
                                   5. ИК-"Аvаtаr-320" спектрометрi
                                   6. УК-дағы және көрiну аумағындағы
                                      спектрофотометр
                                   7. Газ генераторлы (сутегi, азот, ауа)
                                      жалынды-иондалған детекторы бар
                                      газды хроматограф
                                   8. МС детекторлы газды хроматограф
                                   9. Роторлы буландырғыш
                                   10. Рефрактометрлер
                                   11. Балқу температурасын анықтайтын
                                       аспаптар (Кофлер үстелi үлгiсiнде)
                                   12. Кептiргiш шкаф
                                   13. Вакуумды кептiргiш қорап
                                   14. Дистилляторлар
                                   15. Зертханалық орталық фуга
                                   16. Вакуумды сорғы
                                   17. Суағар сорғылар
                                   18. Араластырғыш (шейкер)
                                   19. Ұсатқыш
                                   20. Ультрадыбысты монша
                                   21. Су моншасы
                                   22. Зертханалық, электрлiк, қыш         
                                       тақташалар
                                   23. Хроматограммаларды кептiруге
                                       арналған фен
                                   24. Хроматографияға арналған камералар
                                   25. Микрометрлер
                                   26. Секундөлшеуiш
                                   27. Шағын шприц
                                   28. УК-жарықтандырғышы
                                       (лямбда-254 және 360 нм)
                                   29. Зертханалық тоңазытқыш
                                   30. 200 г. дейiнгі электрондық          
                                       таразылар, принтерi бар, дәлдiгi    
                                       0,0001 г.
                                   31. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар,
                                       дәлдiгi 0,1 г.
                                   32. 100 кг. дейiнгі техникалық          
                                       таразылар, дәлдігі 1 г.
                                   33. Дербес компьютер
     
16. Соттық биологиялық сараптама   
    16.1. Соттық-сараптамалық      1. Биологиялық микроскоптар
          биологиялық зерттеу      2. МБС үлгiлi оптикалық                 
                                      стереомикроскоптар
                                   3. Микрометрлер
                                   4. Рефрактометр
                                   5. Микротомдар жинақтығы
                                   6. Зертханалық орталық фуга
                                   7. Муфельдi пеш
                                   8. 200 г. дейiнгі электрондық таразылар,
                                      дәлдiгі 0,0001 г.
                                   9. 10 кг. дейiнгі техникалық таразылар,
                                      дәлдiгi 0,1 г.
                                   10. Кептiргіш шкаф
                                   11. Дистилляторлар
                                   12. Зертханалық тоңазытқыш
                                   13. Ұсатқыш
                                   14. Су моншасы
                                   15. Зертханалық, электрлiк, қыш         
                                       тақташалар
                                   16. Дербес компьютер
     
     16.2. Соттық молекулалық-     1. Электрфорезге арналған камералар:
           генетикалық зерттеу        көлбеу
                                      6,5 х 10 см
                                      11,8 х 17 см
                                      тiгiнен
                                      10 х 8 см
                                      20 х 20 см
                                   2. Трансиллюминатор
                                   3. Компьютерлiк гель-құжаттау жүйесi
                                   4. Ауа сорғыш шкаф
                                   5. Абсорбцион үлгiлi ауа сорғыш шкаф
                                   6. Автоматты түтiкшелер:
                                      05 - 10 мкл
                                      5 - 40 мкл
                                      40 - 200 мкл
                                      200 - 1000 мкл
                                   7. Су моншасы
                                   8. Майда толқынды пеш
                                   9. Вортекс
                                   10. Дистиллятор
                                   11. ДНК - амплификатор
                                   12. РН-метр
                                   13. Бактерицидтiк шам
                                   14. Магниттi араластырғыш
                                   15. GRАNТ ультрадыбыстық жуғыш
                                   16. ПЦР-ға арналған жабық камера
                                   17. Суды жоғары тазалау жүйесi
                                   18. 24 х 1,5 түтiктерге арналған        
                                       термостат
                                   19. 13 000 айналыс/мин 12 х 1,5 мл.     
                                       дейiнгi шағын объектiлерге арналған 
                                       орталық фуга
                                   20. Кондиционерлер
                                   21. Ыстық бу шкафы
                                   22. Мұздатқыш (-20 градус)
                                   23. Дербес компьютер
     
17. Адам психикасының және         1. Психологиялық-криминалистiк
    психофизиологиялық                сараптама сарапшысының жұмыс орны:
    процестерiнiң сот сараптамасы   - Дербес компьютер;
                                    - Түрлi-түстi теледидар, 53            
                                      диагональдi;
                                    - Бейнемагнитофон;
                                    - Тыңдағыштар
                                   2. Психологиялық-филологиялық
                                      сараптама сарапшысының жұмыс орны:
                                    - Компьютер монитор, пернетақта,
                                      жортпаш, принтер жинағымен
                                    - Стандартты аудиокассеталарға
                                      арналған диктофон
    Фотозертхана                   1. "Зенит" үлгiлi фотоаппараты
                                   2. Цифрлы фотоаппарат
                                   3. Жоғары қабілеттi цифрлы фотоаппарат
                                   4. Фото жарықетпе
                                   5. МРК, "Уларус" репродукциялық
                                      қондырғысы
                                   6. С64 репродукциялық ықшам қондырғысы
                                   7. "Беларусь" үлгiлi фотоүлкейткiшi
                                   8. АПСО-7 үлгiлi электржалтыратқышы
                                   9. Электржалтыратқыш
                                   10. Оқшау қондырғылы "Реntiuм" үлгiлi
                                       компьютер
                                   11. Кiшi көлемдi көшiру-көбейту аппараты
---------------------------------------------------------------------------
Полная версия
ИС BestProfi