Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 12.03.2015
Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 12 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 21.02.2015 жылғы № 85 Қаулысына сәйкес
Редакция 15.02.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1) Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже;
2) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою не оларды алып қоюсыз мiндеттi түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесi; 
3) Жеке және заңды тұлғаларға жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын өтеу қағидалары мен шарттары;
4) Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттарды мiндеттi түрде алып қою және жою жүргiзiлетiн жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi; 
5) Алдын алу, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесi; 
6) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру ережесі;
7) Шекара және кеден пункттерiнде (автомобиль өткiзу пункттерiн қоспағанда, Кеден одағының кедендiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде) ветеринариялық бақылау пункттерiн ұйымдастыру ережесі бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.09.2009 № 1359, 31 (13.05.2008 жылғы редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).12.2009 № 2332 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 07.03.2012 № 301, 05.09.2012 № 1146 Қаулыларымен.(ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
 Yкiметiнiң
 2003 жылғы 28 cәуipдегі
 N 407 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 05.09.2012 № 1146 Қаулысымен. (07.03.2012 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi – Ереже) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi.
2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствосы (бұдан әрi – ведомство) – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын комитеті;
Полная версия
ИС BestProfi