Близость слов: Окончание:





Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеудiң және оларға куәлік берудің кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы N 110 Қаулысы
тақырып өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 378 Қаулысымен (13.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.03.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Кіріспе өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2006. № 1319 қаулысымен (19.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса берiлiп отырған Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекiтiлсiн.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 378 Қаулысымен (13.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлерге, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алушыларға; 
2) жұмыс iстейтiн және жұмыс iстемейтiн, 1949 жылдан бастап 1990 жыл кезеңiнде радиациялық қатер аймақтарында және жеңiлдетiлген әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын және тұрған азаматтарға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы (бұдан әрi - өтемақы) төлеудi қамтамасыз етсiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 29.12.2006. № 1319 қаулысымен (19.09.2006 жылғы редакцияны қараңыз).(2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi)
3. "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша): 
1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне: 
салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, өтемақы сомасын көрсете отырып, өтемақы төлеу жүргiзiлмеген не iшiнара жүргiзiлген азаматтардың қолданыстағы теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн; 
салымшының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасы мен күнiн көрсете отырып, өтемақы төлеу толық жүргiзiлген азаматтардың жабылған теңгерiмнен тыс арнайы шоттарының тiзiлiмiн берсiн; 
2) жергілiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.
4. "Қазпочта" акционерлiк қоғамы (келісiм бойынша): 
1) 2006 жылғы 1 наурызға дейiнгi мерзiмде өтемақы алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнiн, төленген өтемақы сомасын көрсете отырып, 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан кезеңiнде өтемақы төленгенi туралы қалалар мен аудандар бөлiнiсiндегi азаматтардың электронды және қағаз жеткiзгiштердегi тiзiмдерiн аудандардың (қалалардың) әкiмдерiне берсiн; 
2) жергiлiктi атқарушы органдарға олардың сұрау салуы бойынша азаматтарға өтемақы төленгенi туралы ақпарат ұсынсын.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (қалалардың) әкiмдерi:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 06.04.2011 № 378 Қаулысымен (13.08.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 16.03.2022 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес (14.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) арнайы комиссиялар құрсын және Ережеге сәйкес Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу және оларға жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәлік беру жөнiндегi жұмысты қамтамасыз етсiн;
2) қажеттілікті ескере отырып, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушілердің жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді дайындауға жыл сайын қаражат көздесін;
3) азаматтарға өтемақыны қайталап төлеу фактiлерiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Полная версия
ИС BestProfi