Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 477 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 28.12.2015 жылғы № 1089 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса берiліп отырған Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргізу ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 31 мамырдағы
N 477 қаулысымен
бекiтiлген
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiне аккредиттеу жүргiзу ережесi 
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.10.2009 жылғы № 1513 Қаулысымен (31.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.10.2009 жылғы № 1513 Қаулысымен (31.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
республикалық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң одағы (қауымдастығы), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiк, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерi; 
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестіктердің филиалдары, облыстық бірлестіктер;
қалалық, аудандық деңгейлерде - жеке кәсіпкерлік субъектілері республикалық бірлестіктерінің филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер, шағын кәсіпкерлік жөніндегі бірлестіктердің республикалық филиалдары, облыстық, қалалық, аудандық бірлестіктер.
3. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1524 Қаулысымен (02.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
4. Егер аккредиттеуге бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлестiктi, қызметтiң бiр саласын бiлдiретiн екi немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үмiткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын бiрiктiретiн коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады.
5. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн (бұдан әрi  - бiрлестiктер) аккредиттеудi орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жүзеге асырады.
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.10.2009 жылғы № 1513 Қаулысымен (31.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6. Мемлекеттік орган аккредиттеудi жүзеге асырудың мерзiмi мен шарттары туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегі хабарландыру жарияланғаннан кейiн, жыл сайын аккредиттеуді жүзеге асырады.
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.10.2009 жылғы № 1513 Қаулысымен (31.05.2006 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.10.2009 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1524 Қаулысымен (02.10.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Аккредиттеудi республикалық деңгейде жүзеге асыру кезiнде хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында не мемлекеттік органдардың ресми сайттарында жарияланады. Аккредиттеудi облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында таралатын мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.
Полная версия
ИС BestProfi