Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1153 Қаулысы
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 147-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтар мен 10 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 20 қаңтар мен 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметін Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы хабардар етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін  
 дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған  
 бағдарламасы 
3.  Мұрағат ісі мен құжаттама жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау 
4.  Бағдарламаның мақсаты және міндеттері 
Полная версия
ИС BestProfi