"Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 08.12.2010
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1243 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 08.12.2010 № 1324 Қаулысымен. (25.02.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 25.02.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар:
1) Бағдарламада көзделген іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жылына екі рет, 30 шілдеге және 30 желтоқсанға қарай Бағдарламаны іске асыру барысы туралы жарты жылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын, 20 тамызға және 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаны іске асыру барысы туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1243 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының патенттік жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Бүкіл мәтін бойынша «веб-сайты» сөздер «интернет-ресурсы» сөздермен ауыстырылды ҚР Үкіметінің 30.12.2009 № 2305 (28.02.2007 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Патенттік жүйенің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту проблемалары
3.1. Зияткерлік меншікті қорғау саласындағы әлемдік жүйенің жағдайы және оның даму үрдістері
3.2. Қазақстанның патенттік жүйесінің даму тарихы мен проблемалары
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Полная версия