"Мұнай туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңының 5-бабына, "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 63-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: қараңыз
Внимание! Документ утратил силу с 14.02.2013
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1139 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 14.02.2013 № 134 қаулысымен (01.04.2010 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 01.04.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтер көрсетуді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 маусымдағы N 612 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 17, 180-құжат);
2) "Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 қарашадағы N 1204 қаулысының 2-тармағы және 5-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 40, 408-құжат);
3) "Отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 955 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 38, 387-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1139 қаулысымен бекітілген
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесі
Ереже жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 01.04.2010 № 267 Қаулысымен. (30.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мұнай туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 маусымдағы Заңына, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың уәкілетті тұлғаларының, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылармен және жер қойнауын пайдаланушылардың уәкілетті тұлғаларымен жасалған шарттарды орындау шеңберіндегі қызметті жүзеге асыратын қосалқы мердігерлердің тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу тәртібін айқындайды. қараңыз
2. Осы Ереженің қолданысы:
1) кең таралған пайдалы қазбалар бойынша операцияларды жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын;
2) мемлекеттік сатып алуды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын тапсырыс берушілерге;
3) ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама тиесілі дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызындағы жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3. Осы Ережеде Заңда белгіленген ұғымдар мен анықтамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия