Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.07.2010
Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1317 Қаулысы
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 07.06.2010 № 520 Қаулысымен (27.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
06.2010 № 520 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 6-т. қараңыз)
Редакция 27.06.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бекітілсін.
1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына  1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары;  
2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына  2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары; 
3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына  3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары белгіленсін.
1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің  тізбесі; 
2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің  тізбесі;  
3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың  тізбесі бекітілсін.
1) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасында және Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына қосымшаларда көрсетілгендердің 75 пайызы мөлшерінде кедендік баждардың ставкалары қолданылады деп; 
2) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлар кедендік баж салудан босатылады деп белгіленсін.
5. Кедендік баждарды өзгерту және бекіту сыртқы сауда тиімділігінің көрсеткіштеріне, әлемдік нарықтың конъюнктурасына байланысты және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімдерге сәйкес жүргізіледі деп белгіленсін.  
Кедендік баждардың ставкаларын қайта қарауға арналған өтінімдер осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес белгіленген нысандар бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жіберіледі.
6. Қазақстан Республикасының кеден органдары осы қаулының 2-тармағында көзделген жағдайларда тауарларды әкелу және әкету кезінде кедендік ресімдеуді және кедендік баждар алуды Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне және Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына қосымшаларға сәйкес кедендік баждардың ставкалары бойынша жүзеге асырсын.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығын Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу шаралары туралы хабардар етсін.
8. Осы қаулыға  3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Полная версия
ИС BestProfi