Близость слов: Окончание:





Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімге қол қою туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы N 43 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 
1. Қоса беріліп отырған Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімге қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 23 қаңтардағы
 N 43 қаулысымен
 мақұлданған
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің  
  бірыңғай шаралары туралы келісім 
Бұдан әрі Тараптар аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі 
Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағын құруға және кеден одағының тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып, 
кемсітпеушілік, жариялылық, өзара пайда және ұлттық мүдделерді қорғау қағидаттарында келісілген сыртқы сауда саясатын жүргізу қажеттілігіне сүйене отырып, 
осы Келісімнің қатысушылары болып табылмайтын Тараптар мемлекеттері (бұдан әрі - үшінші елдер) тауарларының Тараптар мемлекеттерінің кеден аумағына және ол құрылғаннан кейін Тараптар мемлекеттерінің бірыңғай кедендік аумағына импортының және осы аумақтардан тауарлар экспортының бірыңғай тәртібін орнатуға ұмтыла отырып, 
үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қолдану қажеттілігін ескере отырып, 
халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, 
Осы Келісімде пайдаланылған ұғымдар мыналарды білдіреді: 
1) "сыртқы сауда қызметі" - тауарлармен сыртқы сауда саласында мәмілелерді жүзеге асыру жөніндегі қызмет; 
Полная версия
ИС BestProfi