Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 24.04.2019
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы N 121 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 19.04.2019 жылғы № 213 Қаулысына сәйкес
Редакция 11.11.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 7 ақпандағы
 N 121 қаулысымен
 бекітілген
Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесі 1. Жалпы ережелер 
1. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастырудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру тәртібін белгілейді.
2. Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1) жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге жәрдемдесетін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын және орналастырылатын ақпарат; 
2) елді мекен - азаматтардың шаруашылық және өзге де қоғамдық қызметтері нәтижесінде қалыптасқан республиканың аумағында жинақы қоныстанған, кемінде 50 адам саны бар, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген әрі жергілікті өкілді және атқарушы органдар басқаратын бөлік; 
3) жергілікті атқарушы орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
4) маңдайша - сауда (жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету) субъектісінің эмблемасын, тауарлық белгілерін, брендтерін қоса алғанда, осындай субъекті тауарларды сататын, қызметтер көрсететін және жұмыстар орындайтын жерлердегі жылжымайтын объектілерде орналастырылатын оның атауы мен қызмет түрі туралы ақпарат.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1326 Қаулысымен (08.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру Қазақстан Республикасының аумағындағы елді мекендерде үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнаманың басқа да объектілері түрінде жүзеге асырылады.
4. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызметтер көрсету саласының кәсіпорындары орналастыратын мынадай жарнама объектілері:
2) жайма сөрелер мен терезелерді безендіру;
4) үй-жайлардың ішкі безендірілуі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілеріне жатпайды.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1326 (08.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Тарих пен мәдениет ескерткіштері, ғибадат ету объектілері аумағында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға тыйым салынады.
6. Сыртқы (көрнекі) жарнама жолдардың көліктік-пайдалану сапасын төмендетпеуге, көлік құралдарының қозғалыс қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзбауға, жол белгілеріне және сілтемелеріне ұқсас болмауға, олардың көрінуін немесе қабылдау тиімділігін нашарлатпауға, жол пайдаланушылардың көздерін қарықтырмауға тиіс.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға арналған рұқсатты ресімдеу тәртібі 
7. Елді мекендерде (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға жергілікті атқарушы орган берген рұқсат болған кезде жол беріледі.
8. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
9. Елді мекенде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға ниеті бар адам жергілікті атқарушы органға жазбаша өтініш жібереді. 
1) жеке тұлғалар үшін - өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН); 
2) заңды тұлғалар үшін - ұйымның атауы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, басшының тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекен-жайы (болса - телефоны, факсы), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН); 
3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің мақсаты мен негізгі параметрлері; 
4) өтініш беруші таңдаған орынға орналастыруды негіздей отырып сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжалған орнының мекен-жайы көрсетіледі.
1) жер учаскесіне немесе сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған объектіге құқық белгілейтін құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі не өтініш беруші сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылатын объектінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектісін басқару органымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие тұлғалармен жасалған сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттар; 
2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру ұсынылған объектінің күндізгі және түнгі бейнесін қамтитын нобай, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс істеуін инженерлік қамтамасыз ету жөніндегі шешім қоса беріледі.
11. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру немесе орнату құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге байланысты болған жағдайларда осы объектіге жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу ережесі де қолданылады.
12. Жер учаскесін пайдалануға арналған рұқсат және сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға арналған рұқсат құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсатты алмастырмайды.
13. Жергілікті атқарушы орган сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжанған мекен-жайын, орналасқан жерін, типін (нысанын, түрін), жарнаманың жұмыс режимін, рұқсат қолданысының басталу және аяқталу мерзімдерін, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды көрсете отырып, шешімнің жобасын дайындайды.
Рұқсаттың қолданылу мерзімі 1 жылға ұзартылуы мүмкін, бұл ретте өтініш беруші осы Ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген ақпаратты және 10-тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжаттарды көрсете отырып жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
15. Жергілікті атқарушы орган Заңның 11-бабы 1-тармағының, 5-тармағының негізінде рұқсат беруден бас тартады.
16. Жергілікті атқарушы орган өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат береді не негізді түрде бас тарта отырып, жазбаша жауап қайтарады.
16-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 11.11.2011 № 1326 (08.06.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және оны техникалық пайдалануға қойылатын талаптар 
17. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін үйлер мен ғимараттарға тікелей жақын орналастырған кезде құрылыс нормалары мен ережелерінің және үйлер мен ғимараттарға өрт бөлімшелерінің кіруін қамтамасыз ету бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары сақталуға, сондай-ақ өртке қарсы қорғаныс белдеуі және сары сызық сақталуға тиіс.
18. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орнатқан (монтаждаған) кезде құрылыс-монтаж жұмыстарын, сондай-ақ ашық отты және тұтанатын көздерді қолдана отырып отпен жұмыстар жүргізуге байланысты өрт қауіпсіздігінің талаптары мен нормалары ескерілуге тиіс.
19. Көлік құралдарына жарнама орналастыру жол қозғалысы қауіпсіздігінің ережелері сақтала отырып, көлік құралдарының меншік иелерімен және егер заңда немесе шартта осы мүлікке өзге де заттық құқықтарды иеленуші тұлғаларға қатысты өзгеше көзделмесе, көлік құралдарына өзге де заттық құқықтар иеленуші тұлғалармен жасалған шарттардың негізінде жүзеге асырылады. 
Ереже 19-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.06.2009 № 848 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
20. Жарнама объектілерін көлік құралдарына орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі саласындағы стандарттары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптары сақталуы тиіс. 
Ереже 20-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 08.06.2009 № 848 Қаулысымен.(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
    Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін  
                орналастыруға арналған рұқсат  
                          N__________  
____________________________________________________________________ 
ұсынылған құжаттардың негізінде_____________________________________ 
 ____________________________________________________________________ 
   (өтініш берушінің атауы, оның заңды мекен-жайы, салық төлеушінің 
 _______________________________________________________________санын 
      (сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі және алаңы) 
 ____________________________________________________________________ 
       (сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасу объектісі) 
 ____________________________________________________________________ 
Төлемнің ай сайынғы мөлшері_________________________________теңге.
Ескертпе : Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға (орнатуға) және техникалық пайдалануға қойылатын талаптарды бұзғаны үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
Полная версия
ИС BestProfi