Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 Қаулысы
Редакция 01.12.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары:
1) осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрғын үйлерді сатуды жүргізсін;
2) тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне тұрғын үйлерді сату туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 шілдедегі N 711 қаулысымен бекітілген
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған тұрғын үйлерді сату ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы N 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттен қайтарымды негізде бөлінетін қаражат, оның ішінде облыстар, Астана және Алматы қалалары жергілікті атқарушы органдарының 2006 - 2007 жылдары бөлінген бюджеттік кредиттерді қайта пайдалануы есебінен салынған және (немесе) жеке құрылыс салушылардан сатып алынған тұрғын үйлерді, сондай-ақ сатып алу-сату шарттарына қол қойылмаған, бірақ Комиссияның шешімі негізінде тұрғын үйді сату туралы уәкілетті органның шешімі қабылданған не қарыз алу шарттарына қол қойылмаған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған және сатылмаған қол жетімді тұрғын үйді (бұдан әрі - сатылмаған тұрғын үй) Қазақстан Республикасының азаматтарына сату тәртібін анықтайды.
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.06.2009 № 939 Қаулысымен (26.01.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бірлесіп қарыз алушы - қарыз алушының ері (жұбайы), жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-қарындастары, атасы, әжесі, немерелері), сондай-ақ бірге қарыз алатын және қарыз алушымен оны қайтаруға ортақ жауапкершілікте болатын адамдар;
2) жас отбасы - ерлі-зайыптының екеуінің де жасы жиырма тоғыз жасқа жетпеген отбасы не балаларды (баланы) жиырма тоғыз жасқа жетпеген ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасы, оның ішінде ажырасқан, жесір;
3) қарыз шарты - қарыз беруші мен қарыз алушы арасында жасалатын қарыз беру жөніндегі шарт;
4) қарыз алушы - қарыз берушімен қарыз шартын жасасқан өтініш беруші;
5) қарыз беруші - "Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы;
Полная версия