Близость слов: Окончание:





Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 тамыздағы N 754 Қаулысы
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 30.12.2009 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі бекітілсін. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 16 тамыздағы
 N 754 қаулысымен
 бекітілген
Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар  
 және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы,  қайта өңдейтін  жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы  (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі 
тақырыбы өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер 7 жылға дейінгі мерзімге ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша пайыздар төлеуге арналған шығындардың бір бөлігін өтеуге республикалық бюджет қаражатынан субсидиялар ұсынудың тәртібін айқындайды, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
2. Субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялау) 534740327 (бес жүз отыз төрт миллион жеті жүз қырық мың үш жүз жиырма жеті) теңге сомасында агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен бөлінген қаражат (бұдан әрі - қаражат) есебінен жүзеге асырылады. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) лизинг беруші - банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар лизингтік компаниялар, екінші деңгейдегі банктер;
2) лизинг алушы - агроөнеркәсіптік кешен субъектілері;
3) субсидиялау әкімшісі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
4) арнайы техника - ауыл шаруашылығы өнімін қабылдауға, тасымалдауға, сақтауға және бастапқы өңдеуге, көкөніс өсіруге, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы фермаларын механикаландыруға, азық дайындауға, су себетін және суару машиналарына, жылыжайларға арналған жабдықтар мен машиналар;
5) уәкілетті орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
4. Субсидиялау сомасы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне лизингтік компаниялар және екінші деңгейдегі банктер ұсынатын ауыл шаруашылығы техникасы, қайта өңдейтін жабдықтар мен арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80%-ынан аспайды. 
Субсидиялау әкімшісінің төлеуі тиіс қайта өңдейтін жабдықтар және/немесе арнайы техникалар лизингі бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау сомасы лизинг беруші жабдықтарды лизинг алушыға нақты берген күнінен бастап он екі айға тең кезеңге есептеледі. 
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 25.11.2008 № 1084 Қаулысымен. (16.08.2008 жылғы редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi