"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 06.08.2015
Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 6 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 573 Қаулысына сәйкес «Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» ҚР Қаржы министрінің 27.02.2015 жылғы № 144 Бұйрығын қараңыз
Редакция 05.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі бекітілсін.
2. 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбасы шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен қайта таңбалауды жүргізу туралы шешім қабылданғанға дейін осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1349 қаулысымен бекітілген
Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі
1. Осы Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесі "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін (бұдан әрі - алкоголь өнімі) есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) тәртібін айқындайды.
2. Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау тәртібі
2. Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, нормативтік және техникалық құжаттамаға сәйкес тұтынушы ыдысына құйылған алкоголь өнімі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жатады.
3. Тұтыну ыдысына салынған темекі бұйымдары акциздік таңбалармен таңбалауға жатады.
4. Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына төменгі бағытта голограммамен оны қайта пайдалануды болдырмау мақсатында тұтыну ыдысын ашқан кезде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығы бұзылатындай етіп желімделеді.
Есепке алу-бақылау таңбасы тұтыну ыдысына тығыз желімделеді және сәйкестендіруді және штрих-кодтық ақпаратты оқитын құрылғымен оқуды қамтамасыз етеді.
4-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 17.01.2011 № 8 (08.12.2009 жылғы редакцияны қараңыз) Қаулысымен.(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
5. Акциздік таңба былайша орналастырылады:
фильтрлі сигареттің жұмсақ қорабындағы қораптың үстіңгі бетін жабатын акциздік таңбадағы мәтін немесе сурет қораптың алдыңғы бетінің бағытына бағдарлануы және ортасында (оң және сол шетінен, алдыңғы және артқы қабырғадан бірдей аралықта) орналасуы тиіс;
фильтрлі сигареттің қайырма қақпақты қорабындағы акциздік марка қораптың артқы бетінде орналасуы, қораптың бұрышын жауып және бүйір бетіне өтуі тиіс;
Полная версия