"Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысы
Редакция 12.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым шарттарының (бұдан әрі - Шарттар) жобасы мақұлдансын.
2. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Шарттардың ережелерінен туындайтын шарттарды жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта бөлу лимиттері бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2009. № 1551 Қаулысымен (14.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(25.05.2009 бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Талаптарды іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін.
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.04.2009. № 516 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысымен мақұлданған
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым талаптары
Астана қаласы 2009 жылғы "__"__________
1. Пайдаланылатын анықтамалар
Осы Талаптарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Салым Шарттарға сәйкес Клиенттен Банкке
сақтауға түскен ақша.
Талаптардың шеңберінде және оған сәйкес
бірнеше Салым орналастыруы мүмкін.
Әрбір Салымның сомасы мен мерзімі Банк
пен Клиент арасында жасалған Шарттарда
Полная версия