Близость слов: Окончание:





Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 179 қаулысы
Редакция 12.11.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы N 1085 қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Қоса беріліп отырған екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым шарттарының (бұдан әрі - Шарттар) жобасы мақұлдансын. 
2. Қоса беріліп отырған "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының Шарттардың ережелерінен туындайтын шарттарды жасасуы үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру және қайта бөлу лимиттері бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.10.2009. № 1551 Қаулысымен (14.04.2009 жылғы редакцияны қараңыз).(25.05.2009 бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Талаптарды іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін. 
2-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 14.04.2009. № 516 Қаулысымен.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2009 жылғы 17 ақпандағы
 N 179 қаулысымен
 мақұлданған
Екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздарды кейіннен 
 қайта қаржыландыруы үшін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
 акционерлік қоғамы салатын ақшалай қаражаттың банктік салым 
 талаптары 
Осы Талаптарда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Салым                         Шарттарға сәйкес Клиенттен Банкке 
                       Талаптардың шеңберінде және оған сәйкес 
                       Әрбір Салымның сомасы мен мерзімі Банк 
                       пен Клиент арасында жасалған Шарттарда 
Полная версия
ИС BestProfi