Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы » 2003 жылғы 8 ақпандағы және «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы » 2009 жылғы 7 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 Қаулысы
Редакция 08.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі;
2) көбейту жылдары бойынша ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің бірегей тұқымдарының түрлеріне және жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымының 1 тоннасына 2010 жылға арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері бекітілсін.
2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тұқым шаруашылығын қолдауға 2010 жылғы республикалық бюджеттен бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінің 2010 жылдың республикалық бюджетінен тұқым шаруашылығын қолдауға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңында 082 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұқым шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде көзделген қаражат есебінен және шегінде өсімдік шаруашылығын дамытудың басым бағыттарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығын дамытуға арналған қаражатты (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Министрлік облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды бюджеттік бағдарламаны төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспары) және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі арасындағы нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдерге сәйкес жүргізеді.
3. Бюджеттік субсидиялар:
1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын көбейту питомниктері мен будандары аналық нысандарының тұқымдарын өндіруге бірегей тұқымдарды өндірушілердің (бұдан әрі - бірегей тұқым өндірушілер) шығындарын ішінара өтеуге. Мақта тұқымын өндіру шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді;
2) бірегей тұқым өндірушілердің жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарын толық өтеуге;
3) элиталық тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - элиттұқымшарлар) нақты сатылып алынған суперэлиталық тұқым үшін шығындарын ішінара өтеуге. Элиттұқымшар бір уақытта бірегей тұқым өндіруші болған жағдайда және элиталық тұқым өндіру үшін өзінің өндірісіндегі суперэлитаны пайдаланса, элиталық тұқымның жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін ғылыми-негізделген суперэлиталық тұқымның қажеттілігіне байланысты элиттұқымшарлардың шығындары ішінара өтеледі;
4) тұқым шаруашылықтарының (бұдан әрі - тұқымшарлар) және тұқым тұтынушыларының нақты сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық тұқымы (Қазақстан Республикасының тұқым шаруашылығы саласындағы заңнамасына сәйкес республиканың басқа облыстарынан әкелінетін тұқымдарды қоса алғанда) үшін шығындарын ішінара өтеуге. Егер тұқымшар бір уақытта элиттұқымшар болса және I репродукциядағы тұқымды өндіру үшін өзі өндіретін элиталық тұқымды пайдаланса, тұқымшардың шығындарын ішінара өтеу I репродукциядағы тұқымды өндірудің жоспардағы көлемін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымның ғылыми негізделген қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Тұқымшарлардың және тұқым тұтынушылардың нақты сатылып алынған мақтаның элиталық тұқымы үшін шығындарын ішінара өтеу кезінде 1 тоннаға субсидиялар мөлшері тұқымды өңдеу технологиясына (механикалық және (немесе) химиялық тазарту әдісіне) байланысты белгіленеді;
Полная версия