Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.09.2015
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1229 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 28.08.2015 жылғы № 685 Қаулысына сәйкес
«Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Қаржы министрінің 03.04.2015 жылғы № 257 Бұйрығын қараңыз
Редакция 29.11.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 138-бабының 11-тармағына, 140-бабының 2-тармағына, 141-бабының 6 және 8-тармақтарына, 154-бабының 1-тармағына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы;
2) Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың бюджетке түсуін есепке алу, сондай-ақ төлеушілердің кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түрлері бойынша жеке шоттарын жүргізу қағидасы;
3) кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша салыстыру актісінің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2010 жылғы 23 қарашадағы
 № 1229 қаулысымен
 бекітілген
Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасы
1. Осы Қағида «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленді және кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды бюджетке аудару, олардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен, аванстық төлемдердің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) лауазымды адам - кеден органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың дұрыс есептелуіне, толық және уақтылы түсуіне, сондай-ақ жеке шоттарды жүргізу жауапкершілігі жүктелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның (облыстар, мемлекеттік маңызы бар қалалар, астана бойынша) аумақтық бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекеттерінің лауазымды адамы;
2) кеден органдары - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері (кедендік бақылау департаменттері) кедендер, кеден бекеттері;
3) уәкілетті органның бірыңғай шоты - кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бюджеттері арасындағы түсімдерді есепке алу және бөлу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде корреспонденттік шоты бар уәкілетті органдағы шот.
Осы Қағидада қолданылатын өзге ұғымдар кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген мәндерінде қолданылады.
2. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдар мен өсімпұлдарды бюджетке аудару тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi