Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.09.2015
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 7 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 622 Қаулысына сәйкес
«Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.03.2015 жылғы № 348 Бұйрығын қараңыз
Редакция 12.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабы 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                              К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 27 маусымдағы
№ 716 қаулысымен
бекітілген
Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шарты
Бұдан әрі «Ұйымдастырушы» деп аталатын __________________ атынан
 ________________________________________ негізінде әрекет ететін
 (жергілікті атқарушы орган өкілінің лауазымы)
бір тараптан және бұдан әрі «Тасымалдаушы» деп аталатын
 _________________________________________________________ атынан
Полная версия
ИС BestProfi