«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 4-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 27.08.2015
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 624 Қаулысына сәйкес «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды бекіту туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 164 Бұйрығын қараңыз
Редакция 23.04.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысымен бекітілген
Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар
1. Осы кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптар (бұдан әрі - Талаптар) кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілейді, ол кеме жүзуінің қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін қажет.
2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, бербоут-чартер тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2014 жылғы № 388 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
3. Экипаждың ең аз құрамына мынадай лауазымдар кіреді, олардың саны осы талаптарға 1-қосымшаға сәйкес кеме экипаждарының ең аз құрамының нормативіне сәйкес белгіленеді:
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 30.07.2012 жылғы № 1002 Қаулысымен (28.06.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.09.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) капитан;
2) капитанның аға көмекшісі;
3) капитанның вахталық көмекшісі;
4) аға механик;
5) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.04.2014 жылғы № 388 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
6) вахта механигі;
7) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Үкіметінің 23.04.2014 жылғы № 388 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
8) палубалық команданың қатардағы құрамы;
8-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2014 жылғы № 388 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
9) машиналық команданың қатардағы құрамы.
9-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2014 жылғы № 388 Қаулысымен (30.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (жарияланбаған)
Полная версия