Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2016
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 799 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Үкіметінің 21.11.2016 жылғы № 714 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 14 шілдедегі
№ 799 қаулысымен
бекітілген
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы
1. Осы Жолаушыларды, багажды және жүкбагажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың және мемлекеттің жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында әзірленді.
2. Қағида Қазақстан Республикасының темір жолы арқылы темір жол көлігімен жолаушыларды, қол жүгін, багажды және жүкбагажын тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
3. Темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Осы Қағидада мынадай анықтамалар мен терминдер пайдаланылады:
1) аялдау пункті – тек қана жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған жолаушылар поезының аялдауы жүзеге асырылатын пункт;
2) бақылау-кассалық машина (бұдан әрі – БКМ) – фискалды модуль, фискалды жады блогы бар электронды құрылғы және (немесе) тауарларды сату және (немесе) қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу туралы ақпараттың тіркелуін және көрсетілуін қамтамасыз ететін компьютерлік жүйе;
3) жол жүру құжаты (билет) – осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық-цифрлық (электрондық жол жүру құжаты) нысанда ресімделетін, жолаушыларды тасымалдауға шарт жасалғандығын куәландыратын және жолаушылар поезында жол жүруге құқық беретін құжат;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.12.2013 жылғы № 1516 Қаулысымен (14.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) тікелей қатынайтын вагон – екі және одан көп поездар құрамында қайта тіркеліп, қатынайтын вагон;
5) жолаушылар поезы – жолаушыларды темір жол қатынастарының барлық түрімен тасымалдауға арналған поезд;
6) уәкілетті орган – темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын атқарушы орган;
7) жолаушылардың жол жүру құны – плацкарт және билет бөліктерінің жиынтығы;
8) билет құны – жолаушыларды жүретін маршруттың барлық темір жол арқылы тасымалдау үшін есептелген төлемдер сомасы ретінде белгіленетін жол жүру құнының бір бөлігі;
Полная версия
ИС BestProfi