"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.09.2015
Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қантардағы № 166 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 19 қыркүйектен бастап ҚР Үкіметінің 07.09.2015 жылғы № 754 Қаулысына сәйкес «Міндетті медициналық қарап тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 жылғы № 175 Бұйрығын қараңыз «Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 128 Бұйрығын қараңыз
Редакция 31.07.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 166 қаулысымен бекітілген
Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды.
2. Міндетті медициналық тексеріп-қарау алдын ала және мерзімдік болып бөлінеді.
3. Алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
4. Мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарауды жұмыс істеп жүрген адамдардың денсаулық жағдайын динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізіледі.
5. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды білікті мамандары, қажетті аспаптары, жабдығы, функционалдық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған химиялық реактивтері және материалдық-техникалық ресурстары бар, тексерілетін адамдардың жұмысқа (өндірістік практикаға) жарамдылығын бағалау, денсаулық жағдайы бойынша кәсіптік жарамдылығын бағалау бойынша медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
2. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауды жүргізу тәртібі
6. Міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлері жұмыскерді тексеруді жүзеге асырады және зерттелетін адамды зертханалық зерттеулерге жібереді.
7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар деректері жұмыскердің орындалатын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына енгізіледі.
8. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері эпидемиологиялық маңызды объектілерге жұмысқа тұратын адамдар үшін жеке медициналық кітапшаға ресімделеді. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды деп танылған адамдарға денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
Полная версия