Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысы
1) "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 248-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 38, 427-құжат).
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.08.2024 жылғы № 673 Қаулысына сәйкес (01.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)