Близость слов: Окончание:





Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 16 қараша N 1716
1998 жылғы 24 қарашада Мәскеу қаласында Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының үкіметтері басшыларының кеңесінде қабылданған шешімдерді атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
1. 1999 жылғы 28 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Кедендік одақ туралы келісімге қатысушы мемлекеттерге әкелінетін тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтикалық, санитарлық, мал дәрігерлік, фитосанитарлық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуының бірыңғай тәртібі туралы хаттама бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасының барлық мүдделі министрліктері мен ведомстволары аталған Хаттаманың ережелерін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 
3. Хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігіне жүктелсін. 
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Интеграциялық комитетке Хаттаманың бекітілгендігі туралы құлақтандыру жолдасын. 
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге  
  әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық,  
  фармацевтiк, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық  
  және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi  
  және талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбi туралы  
  Хаттама 
Бұдан әрi тараптар деп аталатын, Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Ресей Федерациясының Yкiметi,  
1997 жылғы 22 қазандағы Кеден одағын қалыптастыру кезiндегі тарифтiк емес реттеудiң бiрыңғай шаралары туралы Келiсiмдi басшылыққа ала отырып,  
тауарлар импорты саласындағы техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттарды, нормаларды, ережелердi және талаптарды (бұдан әрi - "стандарттар мен талаптар") қолдану тәртiбiн сәйкестендiру - бiрыңғай кеден одағына бiртiндеп көшу шарттарының бiрi болып табылатындығын тани отырып,  
қабылданатын шаралар Кеден одағы туралы Келісiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының өмiрiн, денсаулығын сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесетiн болады деп санай отырып,  
халықаралық сауда қауіпсiздiгiн сақтау саласындағы халықаралық мiндеттемелерге сәйкес iс-қимыл жасай отырып,  
Тараптар аумағына әкелiнетiн тауарларға қатысты стандарттар мен талаптарды қолданудың бiрыңғай тәртiбiне олар үшiн бiрыңғай стандарттар мен талаптар белгiленген жекелеген тауарларды әкелу тәртiбiн бұзушылықтарды айқындауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған шаралар мен ережелердiң жиынтығы енедi. 
Тараптар N 1 Ережеде көрсетiлген министрлiктер мен ведомстволарға Кеден одағы туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттерге әкелiнетiн тауарларға қатысты техникалық, медициналық, фармацевтік, санитариялық, ветеринариялық, фитосанитариялық және экологиялық стандарттардың, нормалардың, ережелердің және талаптардың қолданылуын бақылауды белгiлеуге және жүзеге асыруға уәкiлеттiк бередi. 
Полная версия
ИС BestProfi