Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.10.2011
Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ережені және Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің антын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 20 мамырдағы N 595 Жарлығы
Күші жойылды ҚР Президентінің 20.10.2011 № 166 Жарлығымен. (12.09.2010 жылғы редакцияны қараңыз)
Редакция 12.09.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президенті
 мен Үкіметі актілерінің жинағында
 жариялануға тиіс
"Прокуратура туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 11-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН : 
1) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында қызмет өткеру туралы ереже ( 1-қосымша ); 
2) Қазақстан Республикасының прокуратура органдары қызметкерлерінің анты ( 2-қосымша ) бекітілсін. 
2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
 2008 жылғы 20 мамырдағы
 N 595 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының прокуратура 
 органдарында қызмет өткеру туралы 
 ЕРЕЖЕ 
Осы Ереже прокуратура органдарында прокурор лауазымына аттестациядан өткен адамдардың, прокуратураның тікелей ғылыми-зерттеу не оқытушылық жұмыс жүргізетін ғылыми ұйымдары мен білім беретін ұйымдарының аттестациядан өткен қызметкерлерінің (бұдан әрі - прокуратура органдарының қызметкерлері) қызмет өткеру тәртібін айқындайды. 
Прокуратура органдарындағы қызмет мемлекеттік қызметтің арнайы түрі болып табылады. Прокуратура органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, " Прокуратура туралы " Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілері, осы Ереже, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының (бұдан әрі - Бас прокурор) бұйрықтары құрайды.
1-тарау. Прокуратура органдарына қабылдау тәртібі 
1. Прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымына денсаулығының жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет атқаруға жарамды жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. 
Жоғары заң білімі бар, қажетті моральдық және іскерлік сипатқа не денсаулығының жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, міндетті арнайы тексерулерден өткен азаматтар прокурор болып тағайындала алады. Оларды лауазымға тағайындау кезінде сынақ мерзімі тағайындалуы мүмкін. 
Азаматтың денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын әскери-дәрігерлік комиссия растайды, одан өту тәртібін уәкілетті органдар айқындайды. 
Полная версия
ИС BestProfi