Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.04.2012
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ережені бекіту жөнінде
Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 2000 жылғы 24 мамыр N 243 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 шілде N 1180 тіркелді
Қаулының күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.04.2012 № 173 Қаулысымен (01.01.2012 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
#$: Қаулының атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
Редакция 01.01.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Сақтандыру заңнамасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:  
1. Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап 10 күн өткеннен кейiн күшiне енгiзiлсiн.
#$: 1-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):  
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiктi түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және олардың ерiкті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртiбi туралы ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, облыстық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жiберсiн. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсiн.     
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық Банкі Басқармасының
 2000 жылғы 24 мамырдағы
 N 243 қаулысымен
 бекітілген
Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының 
 құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу 
 тәртiбi туралы ереже 
#$: Тәртіптің атауы және кіріспесі өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
Осы Ереже Қазақстан Республикасында сақтандыру қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес әзiрлендi және сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбiн белгiлейдi. 
1. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар оларды әдiлет органдарында тiркеуден өткiзгенге дейiн сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттiк орган) алдын ала мiндеттi түрде келiсiлуi тиiс.      
2. Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Тармақ алынып тасталды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысымен.
2-тарау. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына 
 өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру тәртiбi 
3. Сақтандыру ұйымы құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiсiм беру үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға мынадай құжаттарды ұсынады:  
2) сақтандыру ұйымының уәкiлеттi органының құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес) шешiмi;  
Полная версия
ИС BestProfi