Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.01.2016
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепіл, кепілдiк (кепілдеме) шарттарының және басқа міндеттемелерінің) тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұжымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 121 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1534
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.01.2016 жылғы № 5 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.10.2010 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкінің кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесi бекiтiлсiн, ол және осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енгiзілсiн.  
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):  
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;  
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны және Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және басқа мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды тiркеу ережесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін. 
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.    
Қазақстан Республикасының Ұлттық
 Банкі Басқармасының
 2001 жылғы 20 сәуірдегі
 N 121 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының баланста көрсетiлмеген 
 меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепілдеме) шарттарының 
 және басқа мiндеттемелерiнiң тiзілімiн жүргiзу және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған бiрлескен 
 қызмет туралы шарттарды тiркеу 
 ЕРЕЖЕСІ  Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Мәтiнi бойынша "мемлекеттiк" деген сөз алынып тасталды ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
       1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрi - сақтандыру ұйымдары) қаржылық және баланстарда көрсетiлмеген басқа да мiндеттемелерi туралы мәлiметтердi уақтылы алу мен баға беру мақсатында әзiрленген, уәкiлеттi органның тиiстi тiзiлiмдерiн жүргiзу және сақтандыру ұйымы жасаған бiрлескен қызмет туралы шарттарды (бұдан әрi - бiрлескен қызмет туралы шарт) тiркеу тәртiбiн белгiлейдi.  
2. Сақтандыру ұйымының баланста көрсетiлмеген меншiктi мүлкiнiң кепiл, кепiлдiк (кепiлдеме) шарттары мен басқа да мiндеттемелерiн (бұдан әрi - қосымша мiндеттемелер туралы шарт) және бiрлескен қызмет туралы шарттарды жасау, орындау және тоқтату негiздемелерi мен талаптары заңнамамен реттеледi.  
1) сақтандыру ұйымдарының меншiктi мүлкiнiң кепiл шарттарының тiзiлiмiн; 
2) сақтандыру ұйымдарының баланста көрсетiлмеген кепiлдiк (кепiлдеме) шарттарының және өзге де мiндеттемелерiнiң тiзiлiмiн; 
3) сақтандыру ұйымдарының бiрлескен қызметi туралы шарттардың тiзiлiмiн жүргiзедi. 
3-тармақ жаңа редакцияда ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 24 мамырдағы № 147 қаулысымен.
4. Қосымша мiндеттемелер туралы шарттарды (бiрлескен қызмет туралы шарттарды), оның ішiнде уәкiлеттi органға тiркеу үшiн құжаттарды уақтылы ұсынбауынан енгiзбеу (тiркеу туралы деректердiң болмауы) осы мәмiлелердi жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылмайды.  
Полная версия
ИС BestProfi