Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру мен жол қозғалысын ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 15.10.2015
"Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1797.
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 15.10.2015 жылғы № 842 Бұйрығына сәйкес
Редакция 23.02.2011 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған "Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі" нұсқаулық бекітілсін.
2. Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ішкі істер департаментінің бастықтары:
1) осы Нұсқаулықты жол полициясының, жол қозғалысын қадағалауға тартылатын ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелерінің барлық қызметкерлерінің оқып-үйренуін қамтамасыз етсін;
2) жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруы және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі жұмысын Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырсын.
: 2-тармақ өзгертілді ҚР Ішкі істер министрінің 23.02.2011 № 88 бұйрығымен (15.09.2005 жылғы редакцияны қараңыз).(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Ішкіісминнің Жол полициясы департаментіне (Н.Т.Мырзабеков) жүктелсін.
: 3-тармақ өзгертілді - Ішкі істер министрлігінің 2005 жылғы 16 наурыздағы № 168 бұйрығымен.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2002 жылғы 21 ақпандағы N 103 бұйрығымен бекітілген
Жол полициясы бөлімшелерінің жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруі жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ
Мәтiндегi "комитеті" сөз "департаменті" сөзбен ауыстырылды; барлық мәтін бойынша "кешендік тексеру", "кешенді тексеруді", "кешенді тексерулердің", "кешенді (21.02.2002 жылғы редакцияны қараңыз)(тоқсандық) тексеру", "бақылау тексерулер", "бақылаулық тексерулер", "тоқсандық тексерулерді" сөздер тиісті септіктерде "кешенді байқау", "қорытынды тексеру", "тоқсандық тексеру" сөздермен, «департаменті», «департаментінің» сөздер «комитеті», «комитетінің» сөздермен, ал «Астана қаласы Ішкі істер басқармасының (бұдан әрі - ІІБ), Алматы қаласының Ішкі істер бас басқармасының (бұдан әрі - ІІББ), облыстардағы ІІББ-ІІБ-ның» сөздер «Астана, Алматы қалалары және облыстардағы ІІД-нің» сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрлігінің 16.03.2005 № 168, 15.09.2005 № 548, 23.02.2011 № 88 бұйрықтарымен.(ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық жол полициясы бөлімшелерінің автомобиль жолдарды (бұдан әрі - жолдар), жол құрылғыларды, темір жол өткелдерін және электр көлігі желілерін жобалау, құрылысын салу, қайта жаңарту, жөндеу, қалпына келтіру және ұстау кезінде ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын, автомобиль көлігімен жолаушыларды және жүктерді тасымалдау ережелерін мемлекеттік қадағалау мен бақылау тәртібін жол қозғалысы жағдайларын зерделеу және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру шараларын қабылдауды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Жол полициясының бөлімшелері жолда қызмет ету бөлігіндегі ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруді мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің кесімдерін, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерін және осы Нұсқаулықты басшылыққа алады.
3. Жол қызметі саласындағы ережелердің, нормативтердің және стандарттардың сақталуын және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіруде мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыру ішкі істер органдарының жол полициясы қызметінің жол тексеру бөлімдеріне (бөлімшелеріне, топтарына) және аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелеріне жүктеледі.
4. Жол тексеру бөлімдері (бөлімшелері, топтары) және аудандардың (қалалардың) жол полициясы бөлімшелері:
1) Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген:
Полная версия